Оқиға • 10 Қазан, 2024
«Алпамыс батыр» жыры халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты биылғы жылдың 17-18 қазанында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Ғылым • 08 Қазан, 2024
Алматыда «Ядролық ғылым және технологиялар» V халықаралық форумы өтіп жатыр
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Ядролық ғылым және технологиялар» V Халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр. Әлемнің 10-нан астам елінен 300-ден аса сала мамандары жиналған форум Ядролық физика институтының бастауында тұрған академик Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Ұстаз • 08 Қазан, 2024
«Педагог-шебер» Санат Мұсатай елімізде нақты пәндерді оқытуда көш басында тұрған, жарты ғасырдан астам тарихы бар О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде физика пәнінен сабақ береді. Физика бойынша олимпиадалық резерв командасының жаттықтырушысы.
Тарих • 07 Қазан, 2024
Шетелдің архив қорындағы тарихи жәдігерлерге арналған көрме ашылды
Орталық мемлекеттік музейде Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлескен «Шетелдің архив қорларындағы Еуразия тарихы» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қазан, 2024
Еліміздің білім саласына бірнеше буын кәсіби мамандар толқынын даярлап, қанат қақтырған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
Ұстаз • 05 Қазан, 2024
Жеңісбай Қабаржан – Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университетін азық-түлік биотехнологиясы мамандығы бойынша тәмамдаған. Жақында Жеңісбай Қабаржанның жетекшілігімен осы мектептің 10-сынып оқушысы Ерасыл Жұмабаев 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсында І дәрежелі дипломға ие болды. НЗМ оқушысының өсімдік сығындыларын пайдалану арқылы нан өндірісін дамыту технологиясы инновациялығы жағынан және өндірістік әлеуетімен қазылар алқасының назарын аударды.
Қоғам • 05 Қазан, 2024
Жошы ұлысынан қазақ мемлекеттігіне дейін
Бүгінде Шығыс дереккөздері мен Еуропа мұрағаттарын зерттеген шығыстанушы ғалымдар Алтын орда, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына қатысты тың мағлұматтар тауып, талай томға арқау болар материал қорын жинастырды. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған «Шығыс дереккөздеріндегі қазақ мемлекеттілігінің феномені» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды. Ғалымдар Жошы ұлысы мен жалпы қазақ тарихының түрлі кезеңдері туралы ой бөлісті.
Жоба • 27 Қыркүйек, 2024
Қоғамда кітап оқуды насихаттау, оқырман жастар қатарын көбейту мақсатында «Аmanat» партиясы мен Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы бірлесіп, республика көлемінде «Кітап-Amanat» кітап сауда желісін дамытып жатыр. Еліміздің бірқатар облысы мен ірі қаласында «Аmanat» партиясының кеңселік ғимараттары жанынан ашылған «Кітап-Amanat» дүкендеріндегі әртүрлі мазұндағы әдебиеттер, ғылыми-танымдық басылымдар кітапсүйер қауым үшін қолжетімді.
Университет • 27 Қыркүйек, 2024
Заң клиникасы құқықтық көмек көрсетеді
Нархоз университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебінде «Заң клиникасы» кеңсесі ашылды. Заң клиникасы – елімізде кәсіби дағдыларды ғана емес, заң және құқықтық тәртіпті нығайту, әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінетін заңгерлердің жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған әлеуметтік жоба.
Тәрбие • 27 Қыркүйек, 2024
Балаларды бүлдіргі кеңістіктен қалай қорғаймыз?
Күні кеше Алматыда тағы бір отбасы баласынан айырылып, қара жамылды. Бұл соңғы екі аптада болған жетінші қайғылы жағдай. Өткен аптада 2 оқушы қыз белгісіз жағдайда көпқабатты үйдің төбесінен құлап, осы жағдайдың ізін ала тағы бір жасөспірім көз жұмды. Қазіргі кезде қоғамды алаңдатып, ата-аналардың үрейін ұшырған қайғылы жағдайдың себептерін Ішкі істер департаменті тексеріп жатыр. Деректерге сүйенсек, жыл басынан бері елімізде 134 бала өз-өзіне қол жұмсаған.