Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020
Ақмолада былтыр 690 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді
Ақмола облысында өнеркәсіп өндірісі артып келеді. Өткен жылы өңірдегі кәсіпорындармен 690 миллиардтан астам теңгенің өнімі өндірілді.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2020
Ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми жетістіктер патенттелді
Ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан «А.И.Бараев атындағы «Ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» серіктестігі ғалымдарының еңбегі жемісін берді.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020
Ақмолада 52 мың адам сапалы сумен қамтамасыз етілді
2019 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына республикалық және облыстық бюджеттен 32,7 миллиард теңге бөлінді. 16 бағдарлама бойынша 86 жоба жүзеге асырылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасына 454,2 миллион теңге бөлінді. Зеренді мен Астрахан селоларының бу қазандығы қалпына келтірілді.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2020
Ақмола жолдарында ондаған адам құтқарылды
Биыл қыс жұмсақ болғанымен, ауық-ауық ұйытқи соғатын боран жолаушылардың жолда қаңтарылып қалуына себепші болып отыр. Ақмола облысы төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері таяуда облыс жолдарында ондаған адамдарды құтқарды.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2020
Құрылысы қарқынды астаналық аймақ
Соңғы жылдары Ақмола облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, облыс аумағындағы жолдар жөнделуде. Инвестиция тарту өткен жылдармен салыстырғанда біршама көбейіп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да айрықша мән берілуде.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020
Еліне бүйрегі бұрғандардың еңбегі жанады
Атбасардың Атымтай жомарты атанған «Шуйское-ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алтынбек Құрманқұловтың ауылдастарына жасап отырған қамқорлығы талайлар тамсанып айтатын әдемі аңыз іспетті. 130 миллион теңгеге жергілікті маңыздағы жолды жөндеген. Білім ошағына, көп балалы аналарға, әлеуметтік нысандарға миллиондаған қаржы бөліп отыр. Аз қамтылған жерлестерін жүрек жылуымен жылытып отырған ақеділ жанның игілікті іс-әрекеті өзгеге өнеге, өміршең үлгі.
Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020
Аралас мектептен қашан арыламыз?!
Сәбидің тілі қай тілде шықса, солай қалыптасады. Тіршілік қағидасы. Ақмола облысында 614 балабақша бар. Жергілікті ұлт өкілдері перзенттерінің 63,3 пайызы ғана қазақ топтарына барады. Білім ошақтарының жалпы саны – 560. Оның ішінде аралас мектептер саны 217 болса, орыс тілінде тәлім-тәрбие беретін білім ошақтары – 184. Ал таза қазақ тіліндегі мектептер небәрі 159 ғана.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Құтқарушыларға кәсіби кешен ұсынылды
Көкшетау техникалық институты өрт сөндіру мамандарын әзірлеудің аса маңызды тәжірибелік құралы қызу-түтін камерасымен жабдықталды. Өңірлік төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылары және сала ардагерлері жаңа құрылғыны сынақтан өткізді.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Ақмола облысында 426 мектепте инклюзивті сыныптар бар
Ақмола облысының жалпы білім беретін орта мектептерінде 1800-ден астам оқушы инклюзивті сыныптарда оқытылуда. Яғни, бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға байланысты біршама жұмыстар атқарылуда.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019
Ақмолада өзекті мәселелер аз емес
Облыстық әкімдікте өңірдің өзекті мәселелері талқыланған жиын өтті. Отырыста сумен қамтамасыз ету мәселесі, желілер құрылысы, соның ішінде су тазалығы жайында сөз қозғалды. Сонымен қатар аймақтағы автокөлік жолдарын күтіп ұстау мәселесі де қаралды. Жоспарланған жобаларға қажетті сомалар есептелінді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жауапты тұлғаларға аталған мәселелерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.