Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Көкшетау мен Қорғалжынның арасындағы берекелі далада биыл егін біршама бітік шықты. Енді бірер күннен соң сары теңіздей толқыған далада еңбек көрігі күмпілдеп, қырмандар қызыл дәнге толмақ. Ең бастысы, диқандардың маңдай терімен өнген мол байлықты ысырапсыз жинап алу.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Бір қарағанда егістік алқабы, шүйгін шабындығы мол болып көрінетін Ақмола өңірінде де ауыл тұрғындары жайылым және шабындық жердің тапшылығын көріп отыр. Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» республикалық комиссиясының жанды жұмысының нәтижесінде жыл басынан бері 59 мың гектарға жуық жер қайтарылды.
Аймақтар • 17 Тамыз, 2022
Щучинск қаласы Абылай хан атана ма?!
Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген Бурабай баурайындағы жұпыны ғана Щучинск қаласының іргетасы көне деректердің шерткен сырына қарағанда, 1800-жылдардың басында қаланған екен. 1991 жылы үш жүзге Бурабайдың биігінен жарты ғасырға жуық билігін жүргізген Абылай ханның 280 жылдық тойы кезінде аяулы да айбарлы есімін Щучинск қаласына беру туралы көпшіліктің ұсынысы болып еді.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2022
Ауылдағы ағайынның «Ауыл аманаты» жобасынан үміті мол. Сан мәрте жақсылықтан дәмеленіп, күдері үзілмей келе жатқан ауыл тұрғындары нақ осы жолы бір жақсылық болар деп дәметеді.
Қоғам • 15 Тамыз, 2022
Кеше Бурабай баурайында бірінші Орталық Азия волонтерлер форумы ашылды. Ілкімді ізгілікке негізделген, жан жадыратар жақсы істерге ұйытқы болып отырған волонтерлердің қатары күн өткен сайын көбейіп, мүмкіндігі артып, қарымы молайып келеді.
Білім • 11 Тамыз, 2022
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын көп көңілді күпті ететін бір жай бар. Ол – қазақ баласының орыс тілінде білім беретін бастауыш сыныптың табалдырығынан аттауы. Кешегі кеңес заманында Көкшетау өңірінде жергілікті ұлт тілінің шала-жансар күйге еніп, кірпігі ғана қимылдағаны жалпақ жұртқа мәлім. Тәуелсіздік алғалы да ұлттық рухани әлемнің, әсіресе білім саласындағы тоқыраған ағыс арнасын аша алмай жатыр.
Қоғам • 08 Тамыз, 2022
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қымбатшылық қос бүйірден қысып тұрған кезде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету айрықша маңызды. Ел ырысын еселеу үшін не істеуіміз керек? Шалғайдағы шағын ауыл тұрғындарының еңсесін қалай көтеруге болады?
Аймақтар • 11 Шілде, 2022
Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті
Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Бекболат Орынбеков Ақмола облысының Ақкөл ауданына жұмыс сапары барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Қоғам • 30 Маусым, 2022
Таяуда Көкшетау қаласында Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының демеуімен «Жастарға мүмкіндік!» тақырыбында мәселенің мәнісіне бойлап, талқылау өткізілді.
Қоғам • 29 Маусым, 2022
Атбасар ауданында алабай тұқымдас ит бір әйелді талап тастады. Тұщы етіне аяуды білмес азу тістің қатты батқаны соншалық, дәрігерлер әйелдің аяғын кесуге мәжбүр болды. Мұндай оқыс оқиғалар жайлы ақпарат күн сайын дерлік естілуде. Жыл басынан бері Қосшы қаласында бес бірдей баланы ит талаған.