Коронавирус • 22 Шілде, 2021
«Қызыл аймақтағы» қызу қарекет
Өңірде жұмыр жерді қусырған жаман індет дерегі күн сайын көбейіп келеді. Мамандар осылайша дабыл қағуда. Өкінішке қарай, індетке тосқауыл болар вакцина туралы алыпқашпа әңгіме тыйылар емес. Дерттің өршіп кетуіне осы жайдың да бірден-бір қатысы бар.
Коронавирус • 20 Шілде, 2021
Жастар індетке жиі шалдығып жатыр
Облыста соңғы аптада жаман індеттің шеңгеліне іліккендер саны 1001-ге жетті. Өңір 2 шілдеден бері «қызыл аймақта». Карантин талаптары күшейтіле түсті. Әйтсе де, қауіпті дерттің беті қайтпай тұр. Ең өкініштісі, балалар мен жастар арасында індетке шалдығу оқиғасы көбейіп барады.
Сайлау • 19 Шілде, 2021
Биыл 25 шілдеде елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін тікелей сайлау өткізілмекші. Жаңалықтан құлақтанған жұрт жақсылықтан үмітті. Өңірдегі саяси науқан қалай ұйымдастырылып жатыр? Маңызды өзгерістен халық не күтеді? Біз осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Аймақтар • 15 Шілде, 2021
Өңірдегі малсақ қауымның бағымында 544,2 мың қара мал, 741 мың қой-ешкі, 248,4 бас жылқы бар. Осы малды қыстатып шығару үшін 1 181 мың тонна шөп қажет. Әзірге шабылып, жиналғаны 435,3 мың тонна немесе барлық көлемнің 36,9 пайызы ғана. Биыл көктем шыққалы жауын болмағандықтан шөп сұйық. Қытымыр қыс қамданбағанды қырына алатын түрі бар.
Қоғам • 14 Шілде, 2021
Бауыр басқан, түтін түтетіп, ұрпағын өрбітіп отырған жерінің қадір-қасиетін жете түсініп, еліне көмек қолын созу – адамгершіліктің белгісі. Қазақ және араб тілдерін еркін меңгерген Нурсаит Машанло ел ішіндегі еріктілер қозғалысына ұйытқы болып жүр.
Тәуелсіздік • 13 Шілде, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы қолайсыз климаттың ахуалын жақсарту, қала халқының жайлы өмірі мен демалысына жақсы жағдай туғызу үшін 1996 жылы «Астананың жасыл белдеуін құру» мәселесі қолға алынған болатын.
Аймақтар • 12 Шілде, 2021
Биыл өрт жиілеп тұр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда орман өрті 34 оқиғаға көбейген. Өліқаудың тұтануынан және адамдардың бейқамдығынан орын алған дала өрті бір жарым есе ұлғайған.
Өнер • 02 Шілде, 2021
Облыс орталығының іргесіндегі Қызылжар қонысында Ботай мәдениетіне қатысты археологиялық зерттеу жұмыстары басталды.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2021
Алға ұмтылған Ақмола өңірінде сәтті шаруа ретімен сабақталуда
Ақмола облысының Ақкөл, Целиноград және Ерейментау аудандарында ауыз толтырып айтарлық толымды істер бар. Бірлігі бекем өңірдің берекесі молаюына бірқатар мемлекеттік бағдарламаның септігі тиюде. Нәтижесінде, әлеуметтік-экономикалық ахуал көп-көрім жақсарып, әсіресе ауылдық жерлердің ажары кіріп келеді.
Қоғам • 17 Ақпан, 2021
Тіл тәуелсіз болмай, ел тәуелсіз болмайды
Тәуелсіздікті тәу еткен, ақ түйенің қарны жарылған алғашқы жылдары солтүстік өңірдегі кірпігі ғана қимылдайтын қазақ тілінің енді бағы жанады-ау деп дәмелендік. Әйтсе де әлі күнге дейін баяғы жартас, сол жартас. Тілдің алпыс екі тамырына неге шым-шымдап қан жүгірмей жатыр? Әңгіменің әлібі осы жайында.