Денсаулық • 19 Тамыз, 2024
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Күн өткен сайын дұрыс тамақтану адамзат алдында тұрған ең өзекті мәселенің біріне айналып келеді. Дүкен сөрелерінен табиғи азық-түлік өнімдерін табу қиын. Яғни тамақ өнімі нарығындағы ахуалды қалыпты қадағалау күрделі болып отыр. Елімізге сырттан әкелінген технологиялары белгісіз, соның ішінде халықтың денсаулығы үшін қауіпті сапасыз тамақ өнімдеріне тосқауыл қоймай, бұл мәселені жолға қоя алмасымыз анық.
Көрме • 09 Тамыз, 2024
Биыл Қытайда Қазақстанның туризм жылы болып жарияланғаны мәлім. Ұлы Жібек жолы қос елді ғасырлар бойы тоғыстырып, сауда жолдары арқылы мәдени және рухани байланыстар қарқын алып отырды. Қазақ халқының ою-өрнектері мен дәстүрлі қолөнері көрші елге танылса, әлемдік мәдени мұраның маңызды бөлігіне айналған қытай фарфоры қазақ даласына көптеп әкелінді. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ашылған «Қытай фарфоры: мыңжылдық өнері» атты көрме – соның дәлелі.
Алматы • 09 Тамыз, 2024
Медиа кеңістіктің даму келешегі
Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Балдырған», «Ұйғыр авази» басылымдарын біріктіретін «Қазақ газеттері» ЖШС-ның Алматыдағы филиалының қызметкерлерімен кездесті. Сенатор дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын трансформациялау, сөз бостандығын қорғау, журналист мәртебесін бекіту жөніндегі мемлекеттік реформалар және Парламент қабылдаған «Масс-медиа туралы» заңдағы өзгерістер туралы айтып берді.
Отбасы • 02 Тамыз, 2024
Тұтас ел көлемінде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы – отбасы құндылықтарын айшықтаған айтулы жоба. Биыл мегаполисте байқаудың қалалық кезеңі аяқталып, Қапыш әулетінің мерейі үстем болды.
Аймақтар • 02 Тамыз, 2024
Жаздың аптап ыстығында адам мен үй жануарлары үшін аса қауіпті саналатын кеміргіштер мен кенеден абай болған жөн. Жауапты мамандар нақ осы кездерде сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Қоғам • 01 Тамыз, 2024
Алматыда Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды
Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпей, ата діннің қадір-қасиетін тереңнен зерделегені абзал. Ол үшін жұртшылыққа ғылыми тұрғыдан дәйекті бағыт-бағдар берудің маңызы ерек. Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты есік ашқанын сүйіншілеп айта кеткен ләзім.
Қоғам • 30 Шілде, 2024
Құмар ойынның түбіне түсіп, тағдырын тас-талқан еткендер аз емес. Шаңырағын шайқап, барынан айырылғанда барып ес жиятындар өз алдына, бәске бас тігіп, өмірінің соңына дейін құмардың құрдымынан құтыла алмай қор болып жатқандар қаншама. Ойынқұмарлық – бір бой алдырған жанды оңайлықпен шырмауынан шығармайтын психологиялық дерт. Ойынға тәуелділіктен арылудың оңтайлы жолын ұсынған мамандар пікірін саралап көрейік.
Саясат • 30 Шілде, 2024
Экономиканы жақсартуға бағытталған бастамалар
Алматыда жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің негізгі мәселелері және оларды іске асыру жолдарын талқылауға арналған кездесу болды. Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов пен Нурия Ниязова, қаржы және ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, әкімдік өкілдері, жұртшылық және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері қатысты.
Қоғам • 23 Шілде, 2024
Лаки Кесоглу «Барыс» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Халық артисі Лаки Кесоглу I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Саясат • 20 Шілде, 2024
Демалыс қауіпсіздігін тиянақтады
Сенат депутаттары Нурия Ниязова мен Жанна Асанова Алматы қалалық мәслихаты депутаттарымен және қоғамдық кеңесімен бірлесе отырып алып шаһардағы аттракциондар мен саябақтардың қауіпсіздігін тексерді.