Басқосуда алдағы жоспарлар сараланып, коммуникациялық стратегияны дамыту және қоғаммен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын енгізу мәселесі талқыланды.
Айдын Кабдулдинов өз сөзінде Алматы полициясының ақпараттық саясаты көптеген жылдар бойы басым бағыттардың бірі ретінде жүйелі түрде қалыптасып келе жатқанын атап өтті.
Полиция алаяқтарға алданып қалмаудың 5 негізгі ережесін атады
«Белгіленген бағыт сақталып қана қоймай, одан әрі күшейтіледі. Басымдықтар қатарында – заманауи коммуникация құралдарын дамыту, әлеуметтік желілердегі белсенді жұмыс, профилактикалық және түсіндіру жобалары, балалар қауіпсіздігіне, жол қауіпсіздігіне ерекше назар аудару, алаяқтық пен есірткі қылмысына қарсы күрес бар», деді Айдын Кабдулдинов.
Кездесудің жеке бір бөлігі коммуникациялық стратегияға арналды. Ол ашықтық, жеделдік және қолжетімділік қағидаттарына негізделген. Полицияның міндеті – тек оқиғалар туралы хабарлау емес, сонымен қатар түсіндіру, алдын алу және азаматтарға қауіпсіздік мәселелерінде дұрыс бағдар беруге көмектесу.
Кездесу қатысушылары құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияға деген қоғамдық сенімді нығайту ісінде бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлермен серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
«Алда – жаңа жобалар, тың форматтар мен идеялар бар. Негізгі мақсат – полицияны халыққа одан әрі жақындатып, қоғаммен тұрақты әрі сенімді диалог орнату», деп түйіндеді департамент басшысы.