Қазақстан • 30 Сәуір, 2020
Ұлттық болмысты ұлықтаған кәсіпкер
Рүстем Ермекбайдың есімі өз кәсібін өрге дөңгелетіп, тыңнан түрен салған жас кәсіпкер ретінде жұртшылыққа жақсы таныс. Әсіресе, жастар ол негізін қалаған «Sabyrzhanayrin» деген атпен белгілі отандық киім брендін жылы қабылдады. Он сегіз жасында тарихи отанына оралған қандасымыз орда бұзар отызында білдей холдингтің тізгінін ұстап, алпыс азаматты жұмыспен қамтып отыр. Қатарластарына үздік үлгі көрсеткен Рүстем былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматы: 15 мың адам 42 500 теңгені өз еркімен қайтарды
Төтенше жағдай кезінде бірқатар санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында тағайндалған 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 416 мың алматылықтың алғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
29 мыңға жуық Алматылық 50 мың теңге көлеміндегі көмекті екінші мәрте алады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған «Біргеміз» қоры жанынан құрылған «Алматы Біргеміз» жобасының қолдауымен бұған дейін әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 23 мың 472 алматылық 50 мың теңге көлемінде ақшалай көмек алғанын айтқан едік. Төтенше жағдай мерзімінің ұзартылғанына байланысты аталған көмек азаматтарға екінші мәрте беріліп жатыр.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматылық кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?
Президент жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникаларды жөндеу қызметіне жұмысқа кірісуге рұқсат берілгені белгілі.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматының әсем табиғаты ішкі туризмнің тынысын ашады
Карантин уақытында үйде отырған ел тұрғындары аты жаман індеттің өткен шақта қалуын, қалыпты өмірге тезірек қадам басуды тілеп отырғаны анық. Азаматтардың ес жиып, етек жиған соң жаңа сапарлар мен саяхаттар туралы да толғануы қалыпты нәрсе. Бірақ алыс шетелдер біз үшін кем дегенде күзге дейін қолжетімсіз, сондықтан жоспарларды тек қазақстандық ішкі туризмге қатысты құруға болатыны рас. Өз кезегінде осы маусымда ішкі туризмге үлкен сұраныс болатын тәрізді. Алдағы уақыттағы ішкі туристердің ағымын қалай еңсеруге болады және жыл сайын 4,5 миллионға дейін турист тартуға қабілетті, елдегі ең үлкен туристік әлеуеті бар Алматы тау кластері (АТК) биыл біздің отандастарымызға не ұсына алады? Осы және өзге де мәселелер туралы «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының Алматы өңіріндегі өкілдігінің және АТК Біріккен Жобалық Кеңсесінің басшысы Еркебұлан Хасеновті әңгімеге тартқан едік.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматы: Қала тұрғындары мен саяжай иелері қандай ережелерді ұстануы қажет?
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша карантин жағдайындағы қауіптерді сейілту мақсатында карантин кезеңінде балалар алаңдарына, бау-бақша (саяжай) учаскелеріне бару шарттары енгізілді.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматыда Президент тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинмен видео-конференция байланысы арқылы COVID-19 пандемиясына зерттеу жүргізетін алты зертхананың басшыларымен кездесу өткізді.
Қоғам • 28 Сәуір, 2020
Алматының Бостандық ауданында 6 мың жанұяға көмек көрсетілді
Алматы қаласында қайырымдылық шаралары үзіліссіз жалғасып жатыр. Игі бастаманың қанат қағуына шаһардың аудандары да айрықша үлес қосуда. Мәселен, Бостандық ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін 6 мың отбасына көмек берілген.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Карантин басталғалы екі мыңға жуық алматылық жауапкершілікке тартылған
Бүгін Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Алматының бас полицейі Қанат Таймерденов қаладағы соңғы ахуалдарға қатысты мәлімдеме жасады.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2020
Жарнамасы жер жарған жалған ұтыс
Күні кеше Алматы полициясы әшкерелеген ақылға сыймастай алаяқтық әрекетті көріп жағамызды ұстадық. Экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде ұтысы жоқ жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандарды анықтады. Олардың арасында есімі көпке мәлім эстрада әншісі де бар. Азаматтық этикетке сай, жеке тұлғаның атын атамауды жөн көрдік.