Оқиға • 13 Сәуір, 2020
Алматыда тілсіз жау екі адамның өмірін жалмады
Қос тұрғынның өмірін қиған оқыс оқиға кеше кешкісін шаһардың Медеу ауданында болған. Сазановская көшесіндегі №68 үйдің жанып жатқаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 21:08- де келіп түскен.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2020
Әлемдегі ең үлкен ұшақ Ан-225 «Мрия» туралы не білесіз? Ол бір мезетте 200 тонна жүк тасымалдай алады. Қанатының ұзындығы 88 метр. Күні кеше Украинадан Қытай еліне бағыт алған аспанның алып құсы Алматы әуежайына жанармай құю үшін қонды.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2020
Карантинге пысқырмайтын «ақылды таксистердің» әрекеті әшкере болды
Тұтас ел болып қауіпті індетпен күресіп жатқанда, бас пайдасын көксендердің тосын әрекеті әлі де тыйылмай тұр. Алматылық тәртіп сақшылары азаматтарды карантин аймағынан заңсыз шығарумен айналысқан такси жүргізушілерін анықтаған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2020
Алматы: 30 індет ошағында коронавирус қаупі сейілді
Алматы қаласының аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты төмендегі мекен-жайлардағы 30 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды.
Медицина • 12 Сәуір, 2020
Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады
Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 12 Сәуір, 2020
Токио төріндегі бәсеке келер жылы да өтпеуі мүмкін бе?
Әлемдегі ахуалға байланысты биыл жазда өтуге тиіс төртжылдықтың басты бәсекесі 2021 жылға шегерілгені белгілі. Дегенмен, әлемдік спорт сарапшылары Токио төрінде алауы тұтанатын Олимпия ойындары келер жылы да өтпей қалуы мүмкін деген болжам айтып отыр. Күні кеше Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің директоры Тосиро Муто да бұл болжамды қуаттап, пікір білдірді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Алматыдағы №12 аурухананың қос бөлімі карантинге жабылды
Алматыда қызметкерлері коронавирус індетін жұқтырды деп танылған №12 орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды. Бұған дейін мекеменің 12 қызметкерінің инфекция жұқтырғаны анықталған болатын.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2020
Алматының бас полицейі Call-орталықта кезекші
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантинге байланысты құрылған жедел-желідекезекшілікте болды. Ол екі сағат ішінде 70-ке жуық тұрғынның сұрағына жауап берген.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Алматылық тәртіп сақшыларына қорғаныс костюмдері берілді
Бұл киімді бірінші кезекте Алматының карантиндіпериметрі бойындағы 27 бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерлері киеді.
Қоғам • 10 Сәуір, 2020
«Nur Otan» партиясы 4,5 мың алматылық жанұяға азық-түлік үлестірді
Бүгінгі күні «#BizBirgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы 4,5 мыңнан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бұл туралы партияның Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Станислав Канкуров мәлімдеді.