Экономика • 06 Наурыз, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай жүргізілген банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) наурыз айының басында мәре сызығына жетті. Осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түскенімен үмітті ақтағанын айтты.
Қоғам • 06 Наурыз, 2020
Онлайн гүл бизнесі гүлденетін кезең
Халықаралық арулар күні қарсаңында раушангүл мен қызғалдаққа сұраныс әлденеше есе өсетіні қалыпты жайт. Сарапшылар ішкі нарықтағы гүлге деген сұраныстың 50 пайызын шетелден келетін гүл өтеп отырғанын айтады.
Экономика • 05 Наурыз, 2020
Минскіге мұнай өткізіп, шұжық сатып аламыз
Соңғы уақытта сарапшылар ішкі нарықта Белорустен келген ет өнімдерінен дайындалған азық-түлік өнімдерінің бағасы қазақстандық өнімдермен салыстырғанда арзан және дәмді екеніне назар аудара бастады.
Қоғам • 05 Наурыз, 2020
Риэлтор нарығын реттеуге «Атамекен» ҰКП араласты
Сарапшылар жылжымайтын мүлік нарығы мен ақпарат агенттіктері арасындағы «интеграцияның» қазақстандық үлгісінің қалыптасып үлгіргеніне назар аудара бастады: Ішкі нарықта өздерін «ақпараттық қызмет көрсету агенттігі» деп таныстыратындардың жарнамалары жылжымайтын мүлік нарығына арналған сайттардың барлығын жаулап алды.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2020
Салада қыз-келіншектердің қатары аз
Жер бетіндегі адам баласының 50 пайызы әйел болса, соның 28,4 пайызы ғылыммен айналысады екен. Бұл – 2018 жылғы көрсеткіш. 2019 жылдың деректері әлі жаңартылмапты. Бірақ БҰҰ-ның бұл көрсеткішке көңілі толмай отыр. Олар ғылымдағы әйелдердің үлесін, тым болмаса 40 пайызға көтергісі келеді. Бұл ретте, Орталық Азия елдері әйелдерінің мүмкіндігінен үміттенеді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
БҰҰ үйінде экология мәселесі талқыланды
Пластиктен дайындалған өнімдерден адамның ағзасы ғана емес, Жер шарының да демі ентіге бастағанын экологтардың бәрі айтып жүр. Тек 2019 жылы мұхиттардан жағалауға шығып қалған қоқыстар туралы мәліметтер ай емес, апта сайын жаңарып отырыпты. 1960 жылдары тұрмысымызды жеңілдетеді деп қуана патенттеген өнім түрлерінен адамзат енді құтылуға асығып, оны алмастыратын бұйым таба алмай басы қатып отыр.
Қазақстан • 04 Наурыз, 2020
«CFO Summit-2020» адами капиталға инвестиция салуға үндеді
Алматыда жыл сайын өтетін CFO Summit 2020 бұл жолы да белгілі қаржыгерлер, саясаткерлер, топ-менеджерлер, ірі отандық және халықаралық компаниялардың жетекші сарапшыларының басын қосып, қаржы жүйесін дамыту мүмкіндіктерін, соңғы өзгерістер, тенденциялар мен инновациялар, сондай-ақ әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін талқылады.
Әлем • 03 Наурыз, 2020
Ресей мен Қытай COVID-19 бірлескен күресін талқылады
«Мәскеу мен Бейжіңде COVID-19 коронавирустық пневмония эпидемиясына қарсы бірлескен күрес барысы талқыланды. Бүгін Ресейдегі Қытай елшілігінде «Роспотребнадзор» басшысы Анна Попованың қатысуымен тиісті консультациялар өтті», деп хабарлады «Ресей – Қытай: Басты жаңалықтар» мобильдік қосымшасының ақпараттық қызметі.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2020
Алматыда БҰҰ-ның 75 жылдығын атап өтті
Алматыда, БҰҰ үйінде «БҰҰ-ға 75 жыл: Болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Экономика • 03 Наурыз, 2020
Елімізде заңды түрде тіркеліп, ресми жұмыс істеп келген бірден-бір ұйым Қазақстан зергерлер лигасы енді Еуразиялық экономикалық одақ аясында жұмыс істемек. Біздің тарап бұл ұйымға тең құрылтайшы деңгейінде, ал қалған елдер мүше ретінде еніп отыр. Осы келісімнің нәтижесінде ЕАЭО елдерінде дайындалған зергерлік бұйымдар бірыңғай брендпен сатылады.