Экономика • 06 Сәуір, 2020

Мұнай бағасына қатысты түрлі мемлекеттердің мүдделері тағы да теке-тіресіп қалды

317 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Әзірге ОПЕК келісімі алпауыт мемлекеттер басшыларының мәлімдемелерінің теке-тіресімен шектеліп тұр. 

Мұнай бағасына қатысты түрлі мемлекеттердің мүдделері тағы да теке-тіресіп қалды

АҚШ қорқытады, Ресей бір бұрышта тұрып жұдырығын түйеді. Ал Сауд Арабиясы болса келісімдердің щартына қарап, шешім қабылдаймыз дейді. Бұл тұста «қай жеңгені - менікі» деген ұстаным да әлсіз. Бізге бәрінің келісімге келгені дұрыс болып тұр.

АҚШ президенті Дональд Трамп, егер бағалар қазіргі деңгейде қалса, «өте маңызды» баж салығын енгізуге уәде берді. Бұл хабарды 1 сағат бұрын  РИА Новости таратты. «Егер мұнай бағасы қазіргі деңгейде қалса, Ресей мен Сауд Арабиясы келіспесе, мен баж салығын, өте маңызды баждарды енгіземін. Себебі біз қазір тәуелсізбіз. Біздің өзіміздің мұнайымыз бар», деді Ақ үй басшысы тілшілерге.

Сонымен бірге, Трамп АҚШ «шетелдік мұнай сатып алғысы келмейтінін» айтты. Ақ үй басшысы бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман мұнай өндіруді тәулігіне он немесе тіпті 15 миллион баррельге қысқартуға келісуі мүмкін екенін айтқан. АҚШ-тың өзі  мұнай өндіруді азайтуға ниеттеніп отырмағаны бүгін белгілі болып қалды. 

Әлемдік БАҚ ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер  келісім столына отырады деген ақжолтай хабарды асығып таратып жібергенін АҚШ президентінің мәлімдемесінен байқап қалдық. Сарапшылар да АҚШ президентінің мәлімдесінен кейін  бізден алыстап кеткен қара бұлт бізге қайтып бетін бұрғандай әсерде отырғанын айтып жатыр. Себебі «Лондондағы ICE мәліметтеріне сәйкес, маусым айында жеткізілімге Brent маркалы мұнай бағасы 8,3% арзандады», деп жазады РБК.

Лондондағы Intercontinental биржасындағы сауда-саттық барысында Brent маркалы мұнайдың маусымдық бағасы барреліне 31 доллардан төмендеді, содан кейін 31,4 долларға көтерілді. Алматы уақыты бойынша 4: 30-да Brent маркалы мұнайдың баррелі 31,48 долларды құрады, бұған дейін ол 30 долларға дейін құлдырады. Мамыр айының WTI фьючерстері барреліне 9% -ға 26 долларға дейін төмендеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, мұнай бағасы дүйсенбіде саудиялық-ресейлік өндірісті қысқарту жөніндегі келіссөздер кейінге қалдырылғаннан кейін төмендеді. Бұл шамадан тыс өсу туралы алаңдаушылық туғызды, ал акциялардың өсуі коронавирустық өлім-жітімнің төмендеуі мен жаңа жағдайлардың пайда болуына байланысты инвесторларды қолдады. 

Мұнай бағасын  ОПЕК-ке мүше мемлекеттердің емес,  АҚШ-тың көзқарасына қарап, бой түзейтінін кешеден кешеден бері аңғарып қалдық. Алақанға салып көрсеткендей айқындалып тұрған шындықты мойындағысы келмейтіндердің қатарында көршіміз Ресей де бар.

Ресми түрде ешқандай келісім болған жоқ.  Біз сияқты  мұнайға тәуелді елдер ерте қуанып жатыр.  Өткізілетін мерзімі 9 сәуірге дейін созылған уәденің әлі заңды күші жоқ. Болмаған келісімнің пәтуасына қарап теңге бағасын болжау қашпаған қашардың уызынан дәметкенмен бірдей болып қалды.

Бейсенбіде Сауд Арабиясы ОПЕК + келісіміне қатысушы елдер мен басқа мемлекеттерді «мұнай келісімдерінде әділ келісімге келу және тепе-теңдікті қалпына келтіру мақсатында» жедел жиналыс өткізуге шақырды.

6 наурыздағы ОПЕК + елдері мұнай өндіруді азайту үшін мәміленің параметрлерін өзгерту туралы не оны ұзарту туралы келісе алмады. Нәтижесінде, 1 сәуірден бастап алдыңғы одаққа қатысушы елдерде мұнай өндіруге қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл коронавирустық пандемияға байланысты сұраныстың күрт әлемдік төмендеуімен сәйкес келген мұнай нарығында құлдырауды тудырды.

Ресей президенті мұнай бағасының төмендеу себептерін коронавируспен байланысты жағдайды және Сауд Арабиясының ОПЕК + келісімінен шығуын, өндірісті ұлғайтуды, мұнайға жеңілдіктер беруге дайын екендігін мәлімдеді.  Сонымен бірге Путин мен Энергетика министрі Александр Новак мұнай нарығы ресейлік мұнай компаниялары баруға дайын, бірақ ОПЕК + және АҚШ сияқты ірі мұнай өндірушілермен бірлесе әрекет етуді талап етеді деп мәлімдеді. Бірлесе отырып, елдер мұнай өндіруді бірінші тоқсандағы дағдарысқа дейінгі деңгейден күніне он миллион баррельге азайтуы мүмкін, деді мемлекет басшысы.

Ресей президенті мұнай бағасының төмендеу себептерін коронавируспен байланысты жағдайды және Сауд Арабиясының ОПЕК + келісімінен шығуын, өндірісті ұлғайтуды, мұнайға жеңілдіктер беруге дайын екендігін мәлімдеді.  Сонымен бірге Путин мен Энергетика министрі Александр Новак «мұнай нарығы ресейлік мұнай компаниялары баруға дайын, бірақ ОПЕК + және АҚШ сияқты ірі мұнай өндірушілермен бірлесе әрекет етуді талап етеді» деп мәлімдеген болатын.