Несие • 14 Қыркүйек, 2023
Корпоративтік несиелендіру сыр бере бастады
Бизнес несиелері кейінгі айда 137 млрд теңгеге азайып кеткені белгілі болды. Соңғы бес жыл ішінде Қазақстандағы корпоративтік несиелердің жалпы берілген несие көлеміндегі үлесі 68 пайыздан 41 пайызға дейін азайған.
Қаржы • 11 Қыркүйек, 2023
Таяуда Мәскеу биржасындағы сауда кезінде доллар бағамы 100 рубльден асып, еуро 109,87 рубльге дейін көтерілген еді. Ресей валютасы Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты соңғы шешімінен соң тек долларға ғана емес, еуро, юаньге қатысты да күш жинап алды. Рубльді нығайтуға арналған арнайы операция төмендегі тәртіппен жүргенін бағамдап үлгердік. Алдыңғы аптаның басында Ресей президентінің көмекшісі Максим Орешкин валюта нарығында тәртіп қалпына келетінін айтты. Ол Орталық банкті ашық сынамаса да қаржы саясатын тым жұмсартып алғанын, жағдайды түзету үшін барлық қажетті құралдардың бар екенін атап өтті.
Шаруашылық • 08 Қыркүйек, 2023
Қант зауыты қызылшаға жарымады ма, құрылтайшыға жарымады ма?
Апта басында Жетісу облысының шаруалары алматылық журналистердің басын қосып, қант зауыттарының құрылтайшылары кім екенін таба алмай, қолдарына шырақ ұстап іздейтін дәрежеге жеткенін айтып, жар салды. Саланың түйткілдері қордаланып қалғаны соншалықты, олар Мемлекет басшысының атына ашық хат жазып, мәселенің күрделі екендігін жеткізді. Себебі осыған дейінгі өтініштері Үкіметтің қалың есіктерінен әрі аспай қалған.
Қаржы • 07 Қыркүйек, 2023
КАSЕ-AIX: Жұтыла ма, біріге ме?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында қор нарығын дамыту басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, қор биржаларын бір басшылыққа біріктіруді ұсынды. Содан бері сарапшылар арасындағы әңгіме қазақтың екі биржасының арасындағы түйісу нүктелеріне бағытталып тұр. Бірі бізге екі бірдей биржа керек емес десе, енді біреулері қажет екенін, олардың екі түрлі заңмен өмір сүретінін алға тартады. Екеуі де бір-бірінің көз алдында бірін-біріне жұтылып кеткенін қаламайды...
Шаруашылық • 07 Қыркүйек, 2023
Астық дипломатиясы: Ұпайымыз түгел ме?
Жаздағы аптап ыстық бидай шығымына әсер етті. Кейбір сарапшылар «бидай тапшылығына тапболуымызмүмкін» деп ескертіп, ертерек қамдануға шақырып жатыр.
Инфографика • 05 Қыркүйек, 2023
Апта басынан бері ішкі қаржы нарығы «елге шетелдік үш банк келуі мүмкін» деген хабардан толқып кетті. Таратып айтсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында банктер корпоративтік несиелеу тұрғысында, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен санаулы ғана ірі банктер айналысатынын атап өткен болатын. «Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелдік сенімді үш банкті елге тарту керек», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Теңге • 01 Қыркүйек, 2023
Қаржылық сауаттылық тақырыбынан алыстай алмай жүргенде цифрлық теңгені айналымға енгізу қажеттігі алдымыздан шықты. Әлемнің ықыласы ауып тұрған виртуалды валютаны біз де байқап, сынақтан өткізуге тиіспіз. Шегінуге жол жоқ.
Энергетика • 25 Тамыз, 2023
Үлкенде басталған жиын АЭС-қа қатысты түйткілдің түйінін тарқатты ма?
Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында АЭС құрылысы мәселесі бойынша алғашқы қоғамдық талқылау өтті. Ауыл мектебінің мәжіліс залында өткен жиын халықтың көптігімен ғана емес, қызу пікірталасымен ерекшеленгенін сол ауылға барған біз де көрдік.
Инфляция • 24 Тамыз, 2023
Инфляция қыспағындағы экономика
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов инфляция деңгейін өткен жылмен салыстырғанда екі есеге төмендетуді тағы да тапсырды. Тұтынушылардың инфляцияны дәстүрлі түрде теріс қабылдайтыны, бағаның өсіп жатқаны ешкімге ұнамайтыны белгілі. Бірақ бұл – табиғи экономикалық үдеріс. Экономистер өздері үшін де, кәсіпкерлер үшін де 6 пайыздан төмен инфляцияны қолайлы деп атайды. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4-6 пайызбен тоқтатуды тапсырып отыр.
Экономика • 23 Тамыз, 2023
Экономиканың күрделі кезеңінде жылдар бойы ескерілмей келген салаларды қайта құрылымдау қиынға түсетінін, алдағы дамуды сол ескерілмей келген салалар тежейтінін сарапшылар талай рет ескерткен-ді.