Құрылыс • 30 Қараша, 2024
Тұрғын үй нарығы бәсекеге дайын ба?
Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Халықтың тұрғын үйге мұқтаж санатын баспанамен қамтуды көздейтін құжаттың жаңалығы көп.
Қаржы • 29 Қараша, 2024
Алматыда XII Қаржыгерлер конгресінде қаржы секторын либерализациялау мәселелері мен оның экономикалық өсімге қалай әсер ететіні, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы мен цифрлық теңгені дамыту перспективалары да сараланады.
Туризм • 29 Қараша, 2024
Қазақстан – Қытай: Туристер қатары арта түсті
Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шара туризм жылын қорытындылап қана қоймай, сонымен қатар жаңа бастамалардың бастауына айналды.
Банк • 23 Қараша, 2024
«Отбасы банк» акциясын сату қаншалықты тиімді?
Мемлекеттің экономикадағы үлесінің қомақты бөлігі тұрғын үй сегментінде екенін сарапшылар жиі айтады. Жақында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова екінші деңгейлі банктерге де тұрғын үй жинағы үшін есепшот ашуға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Қаржы • 21 Қараша, 2024
Теңгені демейтін тіректі қайдан іздейміз?
Елімізде доллар бағамы 500 теңгеге жетіп жығылды. Ал Ресей валютасы 1 доллар үшін 100 рубльден асып кетті. Экономикадағы импорттың үлесі теңгенің құнсыздануына әсер етіп жатыр.
Көрме • 16 Қараша, 2024
Теңге тарихынан сыр шертетін көрме
Алматы қаласында «JusanVibe» арт-кеңістігінде Ұлттық банк теңге банкноттары мен коллекциялық, инвестициялық монеталар көрмесін өткізді. Келушілер барлық сериялы банкнот үлгілерімен танысты.
Экономика • 14 Қараша, 2024
Автосегментте Үкімет үлесі азая ма
Биыл автокөлік нарығына оң әсер ететін шешім қабылданды. Үкіметтің экономикалық блогі нарықтың осы сегментінен кететінін ашық айтты. Ендігі үміт – бизнес пен банктерде. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, Үкімет көлік сатып алуды жеңілдету мақсатында жеке тұлғаларға арнап лизинг енгізу туралы заңнаманы аяқтауға таяп қалды.
Қаржы • 13 Қараша, 2024
Бюджет дағдарысынан шығар жол қайсы?
Өтіп бара жатқан 2024 жыл ұмытыла бастаған «бюджет дағдарысы» деген тіркесті қайта есімізге салды. Осы жылдың маусым айында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов елімізде бюджет дағдарысы жоқ деп мәлімдеді. Алайда тәуелсіз сарапшылар Ұлттық қордан миллиардтарға бағаланған интервенция бюджеттің жанына жалау бола алмайтынын ашық айтып жүр.
Экономика • 09 Қараша, 2024
Әуежай реформасы Алматыдан басталады
2028 жылдан бастап елімізден Еуропаға қатынайтын әуе компанияларына экологиялық таза әуе отынын пайдалану міндеттелді. Алматыда өткен «Green Airports» аймақтық семинарына қатысқан Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, 2028 жылдан бастап Еуропалық Одақ осы экологиялық таза әуе отынын пайдаланатын әуе компанияларын ғана қабылдайды. Мамандардың айтуынша, Еуроодақ елдерімен арадағы әуежолы интеграциясын дамыту үшін ұшақтарымызға экологиялық таза отын құймасқа амалымыз қалмайды.
Мәселе • 01 Қараша, 2024
Монополиядан арылудың амалы қандай?
«The Diplomat» басылымы Қазақстан экономикасының ірі секторлары толығымен мемлекеттің, шетелдік компаниялар мен бизнес-элитаның бақылауында екенін, өзгелеріне артықшылығы аз секторларда ғана орын бар екенін, ішкі жалпы өнімнің 76%-ы солардың уысында шоғырланғанын жазады. Қазіргі уақытта өндіру және өңдеу саласының (мұнай, газ және металдарды қоса алғанда) 29%-ы, сауда саласының 16%-ы, банк ісі және жылжымайтын мүлік саласының 12%-ы, байланыс саласының 11%-ы, құрылыс саласының 6%-ы, энергия саласының 2%-ы монополистердің қолында.