Қаржы • 02 Қараша, 2020
«Валюта батпырауығының» жалына жармасу...
25-26 қазан күндері өткен ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру» форумында өзара есеп айырысу кезінде доллар мен еуродан арылу керектігі туралы мәселе тағы да айтылды. Солтүстіктегі көршіміз бұл бағытта Қытайдың көмегіне жүгінуге ниеттеніп отыр.
Экономика • 30 Қазан, 2020
Қазақстанда аккумулятор батареяларын өндіру бойынша жаңа технология іске қосылды
Алматы облысында "Қайнар-АКБ" зауытында аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа желі салтанатты түрде іске қосылды. Жоба Қайнар-АКБ және "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" (IGTIC) арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 30 Қазан, 2020
Талғат Күзембаев: Абайдан аянып қалған кезім жоқ
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаевқа тағдыр талайы 10 жыл бойы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Абай болып толғануды жазыпты. Жыл басында Босния және Герцеговина астанасында халықаралық «Сараево қысы» фестивалінің ашылуы аясында оның орындауында «Абай» операсынан ариялар шырқалды. Тарих беттерін парақтайтын болсақ, Мұхтар Әуезовтің либреттосына Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жазған атақты опера алғаш рет 1944 жылдың 24 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында қойылған. 1958 жылы қойылым қайта жазылып, жаңартылады. Бұл шығарма содан бері ешбір өзгеріс көрмепті. Бекзат еуропалықтардың «Абайдан» алған әсерлері туралы «Сол бір күндері өң мен түстің арасында қалықтап жүргендей күй кештім. Еуропадағы Абай күндері неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығымен тура келді. Бастысы, көрерменнің ықыласын көріп, маған жүктелген образды сәтті орындап шыққанымды жүрекпен сездім. Себебі өнерде шекара жоқ. Еуропа Абайды жүрекпен қабылдады» дейді опера әншісі.
Экономика • 29 Қазан, 2020
Ортақ қаржы нарығын қалыптастыру кедергілерді жояды
Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі, министр Тимур Жақсылықов "Қаржылық қауіпсіздік аумағы" қаржылық қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі V халықаралық конференцияда Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының ережелерін іске асыру бойынша жұмыс туралы айтты, деп жазады Egemen.kz ЕЭК сайтында жарияланған деректерге сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қазан, 2020
Алматыдағы ЖЭО-2 газға қалай ауысады?
Алматы телеарнасындағы тікелей эфир кезінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы ЖЭО-2-ні газға көшіру бойынша жоспарланған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 28 Қазан, 2020
Заңды тұлғалар шоттан кез келген соманы шеше алмайды
Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалар үшін шоттан шешіліп, қолға берілетін ақша көлеміне шектеу енгізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 28 Қазан, 2020
Шымбұлаққа апарар жол оңтайландырылды
Медеу бекеті арқылы Шымбұлақ тау шаңғысы курортына кедергісіз өту үшін электромобильдерді тіркеу бойынша электронды онлайн қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімдігі Жасыл экономика басқармасына сілтеме жасап.
Экономика • 28 Қазан, 2020
Еуразиялық валюта қаржы жүйесін қалыптастыруды ұсынды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев "ЕАЭО мен Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын ұштастыру" форумында ЕАЭО мен Қытай арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жөніндегі сессияда Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық валюталарға сүйенген валюта-қаржы жүйесін құру жайындағы өз ұсынысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 28 Қазан, 2020
Банк ВТБ: Кредиттік рейтингі активтер сапасының жақсаруына байланысты "ВВ+" деңгейінде расталды
2020 жылғы 29 қазанда Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі Банк ВТБ (Қазақстан) үшін "Тұрақты" болжамымен "BB+/B" ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Қазан, 2020
Азық-түлік бағасы шарықтап кетті
Жыл басында Үкіметтің экономикалық блогы нан, макарон өнімдері, қарақұмық жармасы, тазартылған күріш, сиыр еті, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұздың шекті бағасын белгілеп, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын. Бағалар әр аймаққа жеке белгіленеді.