Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
392 материал табылды

Аймақтар • 04 Шілде, 2019

Мектеп кабинеті дастарқан жаятын жер ме?

Қай кезде де орталықтан өңірлерге, облыстардан аудандарға кейде жоспарлы, кейде жоспарсыз аяқастынан сау ете қалатын тексеріс үзіліп көрген емес.

Аймақтар • 28 Маусым, 2019

Тал-теректі суарудың жаңа тәсілі оң нәтиже бере ала ма?

Ақтөбе қаласы мен оның маңайы жартылай шөлейтті аумақта орналасқаны жасырын емес. Бұл жәйт тал-теректердің көкке бой созып өсуіне теріс әсерін тигізбей қоймайды. Сондай-ақ табиғатты қорғау жөніндегі геодезист маман-ғалымдардың пікірінше мұндағы жерасты топырақ қабаттары мен шөгінділерінде жасыл желектің жайқалып, қаулап өсуіне ырық бере қоймайтын түзілістер де жоқ емес. Әйтсе де ұдайы күтім жасалып, суару нормалары дұрыс сақталған жағдайда кері табиғи факторларға қарамастан ағаштардың жақсы өсетіні ешқандай талас туғызбайды. Сондықтан да биылғы жылы Ақтөбе қаласында жасыл желекті суалтудың жаңа әдісін жүзеге асыру ісі қолға алынды. Израиль елінен жеткізілген жаңа технология тал-теректер мен саябақтарды тамшылатып суару әдісіне негізделген. Бұл істі облыс орталығындағы «КХ Эльмира» кәсіпорны қолға алып отыр.

Аймақтар • 26 Маусым, 2019

Азық-түлік тиелген автокөлік керуені Ақтөбеден Арысқа аттанды

Ақтөбе аймағында «Арыстықтар –біз сіздермен біргеміз» атты көмек беру мен қолдау акциясы Оңтүстік өңірден апат жөніндегі суыт хабар жетісімен-ақ басталып кетті.

Аймақтар • 25 Маусым, 2019

Ашық аспан астында - пианинолар

Ақтөбе қаласында мәдениет саласының үздігі Дина Ниязова қолға алған жаңа жобаға сәйкес алаңдар мен саябақтарға бірнеше пианинолар қойылды.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасылардың пәтерлі болуына көмектесті

Ақтөбеде «Жұбановтар әлемі» орталығында «Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шығармашылық орталық пен «Максимус» ЖШС біріге ұйымдастырған шарада ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Абдуллин қайырымдылық концертін өткізді.

Аймақтар • 21 Маусым, 2019

Ақтөбеде жасыл желекті суарудың жаңа әдісі жүзеге асуда

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 19 маусым күні жоспардан тыс Ақтөбе қаласында атқарылып жатқан бірнеше жұмыстармен танысты.

Аймақтар • 18 Маусым, 2019

Ақтөбеде Бөкенбай батырдың ескерткіші ашылды

Өткен жұмада Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, Бөкенбай Қарабатырұлының ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.

Аймақтар • 17 Маусым, 2019

Жазғы универсиада мәреге жетті

Ақтөбе қаласында еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы X Жазғы универсиада ойындарының жалауы түсірілді.

Аймақтар • 12 Маусым, 2019

Құрттардың көмегімен таза тыңайтқыш алады

Ақтөбелік кәсіпкер Гайк Тертерян құрт өсіруге бекем бел буып, көздеген мақсатын іске асыру үшін Алға ауданындағы Бестамақ ауылынан арнайы ферма құрыпты.

Аймақтар • 11 Маусым, 2019

Жалған нөмірлі автокөліктер анықталды

Кез келген меншіктегі авто­көлік нөмір­леріне «мемлекеттік» деген анық­тама қосы­лып айтылады. Елімізде автокөлік құралдары иелеріне мемлекеттік тіркеу белгілері бар нөмірлердің дубликаттарын, яғни түпнұсқа мен заң күші бірдей құжаттың екінші данасын беру өкілеттілігі ішкі істер органдарының құзырына кіреді. Соған қарамастан Ақ­төбеде дәл осындай дубликаттарды жеке тұлғалардың жасау деректері белгілі болды.