Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
29 материал табылды

Медицина • 11 Тамыз, 2021

Онкология диспансері мен зираттың арасы – бір қадам

Медициналық-емдеу мекемелерінің арасында аурасы мен моралдық-психологиялық ахуалы өте ауыр орындардың бірі – онкология диспансері. Халқымыздың дені көп жағдайларда ағзасында пайда болған онкологиялық дерттердің алғашқы белгілерін онша елемей, дәрігерге қаралмай жүре беретіні жасырын емес.

Аймақтар • 22 Наурыз, 2020

Ақтөбеде медицина қызметкерлерін ынталандыру шаралары белгіленді

Тас түскен жеріне ауыр дегендей, бүгінгі таңдағы коронавирус індеті бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне атан-түйе тарта алмайтындай зіл батпан ауыр салмақ түсіруде. Яғни, қазіргі күрделі жағдайларға байланысты оларға түсетін жүктеме бірнеше есе түсіп отыр. Осыған орай Ақтөбе аймағында медицина қызметкерлерінің қызметін қолдау мен ынталандыруға қатысты бірқатар іс-шаралар кешені белгіленді.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Өрісі кең онкүндік аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбе облысының тілдерді да­мыту басқармасы Қазақстан хал­қы тілдері күні мерекесіне орай тұ­тастай онкүндік шара өткізу жө­нінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бі­рінде екенін айтқанымыз жөн.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019

Жол бойындағы сервистің жайы қалай?

Республикалық және жер­гілікті маңызы бар автожолдар құрылысын жоба­лаған кезде немесе оған күр­делі жөндеу жүргізу кезінде ұмытуға болмайтын бір маңызды мәселе бар. Бұл – жол бойындағы сер­вистік нысандарды мем­лекеттік стандарттарға сәй­кестендіру. Елімізде жол бойындағы қызмет көр­сету ісінің жай-күйі қалай?

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Өгіз аяң өндімейді

«Жол азабын жүрген біледі», «Жол азабы – көр азабы» деген де нақыл бар. «Жол мұраты – жету» десек, діттеген жерге жетуге ойқы-шойқы, аты бар да заты жоқ автожолдар кедергі келтіріп жүргені ешкімге де жасырын емес. Әсіресе бүгінде Ақтөбе өңірінде аудандық және облыстық деңгейдегі жергілікті маңызы бар ішкі жолдардың жай-күйі мен сапасы еш сын көтермейді. Оның бірқатар мысалын газетіміздің 2019 жылғы 12 шілде күнгі нөмірінде «Жарамсыз жолдардың жыры» деген тақырыппен жарияланған мақаламызда жаздық.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Еңбек жолын ауылда бастайды

Қазіргі кезде еліміздің барлық дерлік өңірінде білікті мамандар жетіспейтіні айтылып та, жазылып та жүр. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай кадр тапшылығын реттеу мен азайтудың басты жолдарының бірі – республика аумағындағы медицина университеттері түлектерінің тиісті сұраныстарға сай жұмысқа орналасуына ықпал ету болып отыр.

Қоғам • 14 Тамыз, 2019

Жастар қылмыс жасауға неге үйір?

Мектеп жасындағы жасөспірім оқушылардың қылмысқа бой ұруы –жақсы құбылыс емес. Оларды мұндай теріс іс-әрекеттерге итермелейтін нендей күш? Қай кезде де жасөспірімдер қылмысы қоғамдағы өткір, көкейкесті әрі өзекті мәселелердің қатарында болып келеді. Осы орайда Ақтөбе облысы мысалында 2-3 ауыз ой-пікір өрбіткенді жөн көреміз. Қолда бар деректер кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық көріністері негізінен ұрлық, тонау, бұзақылық және жыныстық зорлау сипатында екенін көрсетеді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Жалғасын тапқан жақсы істер

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас» дейді халқымыз. Осы орайда биылғы Жастар жылында олардың алдында тұрған проблемалар мен көкейкесті мәселелерді өзара бірлесіп, ақылдасып, кеңесе отырып шешкеннің пайдасы мол. Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес жастардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ұдайы назар аударып келеді. Кеңес отырыс­тарында өңірдегі жастардың ресурстық орталықтарының (ЖРО) қызметін қолдауға бағытталған жұмыстарға байыпты ой-пікірлер айтылып жүр.

Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Міндет – инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономика секторына инвестиция тарту жергілікті атқарушы органдардың айрықша басымдығы екенін атап көрсетті. Бүгінде Ақтөбе облысы инвес­тициялар тартуға өте қолайлы аймақ. Осы мүмкіндік пен әлеует­ті өңірдегі инвестиция тартуға мүдделі ұйымдар мен бас­қар­малар, «Қазақ Инвест» ҰК АҚ өңірлік өкілдігі және «Ақ­төбе» әлеуметтік кәсіпкерлік кор­по­рациясы ұтымды пайдалана білсе, оң нәтижесі болары анық.

Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Іргелі ізденістер ошағы

Қазіргі кезде ғылымды дамыту – еліміздегі басым бағыттардың бірі екені белгілі. Ең бастысы ғылыми жаңалықтар экономика мен өндірістің өркендеуіне пайдасын тигізуге тиіс. Алматы мен Нұрсұлтан секілді еліміздің ірі ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге ел өңірлерінде де ғылымды нақты өмірлік қажеттіліктермен байланыстыра дамытудың орны айырықша. Осы орай бұл іс Ақтөбе аймағында оң шешімін тауып жүргенін айтудың реті келіп тұрғандай.