Аймақтар • 09 Мамыр, 2019
Бағдарлама қоныс тойын көбейтеді
Nur Otan партиясының облыстық филиалы қоғамдық кеңесінің көшпелі мәжілісі «БК-Строй» компаниясының құрылыс алаңында өтіп, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өңірде атқарылып жатқан жұмыс барысы қаралды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасының бастапқысы «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру әр отбасына баспаналы болуға мүмкіндік жасайды.
Экология • 07 Мамыр, 2019
Қырылған балық табиғат құбылысының қайталануы ма, қауіпті ескерту ме?
Биыл Қостанай – Торғай өңірінде көктем ерте келді. Бірақ ерте көктем құрғақшылықты меңзегендей, шыңылтырланып, жердің шаңы көтеріліп тұр. Оның үстіне наурыздың аяғы мен сәуір айында өзен-көлдер жаппай мұз құрсауынан арыла бастағанда судың бетіне өлі балық бірге шықты.
Аймақтар • 01 Мамыр, 2019
Қазақ тілін жүрегімен үйренетін ғалым
Қостанайдың зиялы қауымының арасында Денис Качеевтің жас та болса өзіндік орны бар. Жас ғалым, философ ретінде оны көпшілік жақсы біледі. Еліміздің саяси-экономикалық өміріндегі маңызды оқиғаларға, қоғамдық-мәдени өзгерістерге қатысты дер уақытында айтқан айшықты пікірлері көңілден шыққан соң, көпшілік оған құлақ асады.
Руханият • 25 Сәуір, 2019
Қостанайлықтарға әдемі әсер қалдырған көрмесін суретші-мүсінші Александр Воткал «Әсерлі сәттер мен жылдар» атапты. Оның мамандығы инженер. Алайда бойға біткен өнер бәрібір өзінің жолына салады екен. Әулиекөлдегі Аманқарағай кентінде туып, қалың қарағай орманын кезіп өскен бала ағаштан мүсін жасауға әуес болды. Рудный индустриялық институтын жақсы бітіргенімен, ол өнерді тастай алмады. Александр Николаевичтің бағына қарай, ол белгілі мүсінші Леонид Белоусовтан тәлім алды. Леонид Прокопьевичпен өткізген он жылда ол өзін шығармашылыққа толық бағыштады. Арнайы білімі болмаса да, мүсін мен сурет өнерінің қыр-сырын ұстазынан үйренді, терең бойлады.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2019
Әлеуметтік қолдаудың әдемі үлгісі
Қостанайдағы Атымтай-жомарт бизнес өкілдерінің басын қосқан «Меценаттар клубының» даңқы қазір облыстан тыс жерлерге де жайыла бастады. 90- жылдары алдымен ала дорба асынған өнер, мәдениет, жалпы әлеуметтік саланың қызметкерлері болғаны рас.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2019
Диқандар қырдағы қызу еңбекке аттанады
Арқада қыр төсі дүбірлейтін уақыт алыс емес. Алтынкүрек жел жердің ақ көрпесін түгел түріп, топырақ қызды дегенше, қырдағы еңбек майданына аттаныс басталады. «Көктемнің әр күні – жылға азық» деген аталар нақылын қостанайлық диқандар да қаперінен шығармайды.
Үкімет • 05 Сәуір, 2019
Жұмыс орындарын құру – басты назарда
Кеше Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған, құрамына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі К.Шәмшидинова, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитет төрағасы М.Жайымбетов, Nur Otan партиясының хатшысы Ф.Қуанғанов енген Үкіметтің жұмыс тобы Қостанай өңіріне келді.