Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
Референдум ерекшелігін ел ағалары түсіндірді
Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің көшпелі кеңесі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттерін айқындау, жұмысты ұйымдастыру мақсатындағы жиында көптеген мәселе талқыланды.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2024
ТМҰ қауіпсіздік кеңесі хатшыларының басқосуы
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Кездесу барысында тараптар ТМҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Маман • 20 Қыркүйек, 2024
Деректерге жүгінсек, еліміздегі 11 мыңға жуық кітапханада 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді екен. Осыншама қызметкерлердің ішінде ер кітапханашылардың қарасы – 5-6 пайыз ғана. Оның себебі ел арасындағы кітапханашы – әйел адамның жұмысы ретінде қалыптасып қалған түсінік пен еңбекақының аздығымен байланыстырылады.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2024
Өңір және Жолдау жауапкершілігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында былтыр басталған, нәтижесі жақсы «Ауыл аманаты» жобасының аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажеттігін айтты. Бұл орайда ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапары барысында әкімдерді осы құралдарды белсенді пайдалануға шақырды.
Шаруашылық • 14 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керегін атап өтті. «Бұл – ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мәселе, яғни су үнемдеу технологиясын, әсіресе ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет», деді Президент. Осы орайда Түркістан облысында мақта шаруашылығына тамшылатып суару технологиясы кеңінен енгізіліп келеді. Су үнемдеу технологиясын ұтымды пайдаланып жатқан шаруа қожалықтарының қатары артқан. Сондай-ақ суды көп тұтынатын дақылдар алқабы 10 мың гектарға қысқартылған.
Өндіріс • 14 Қыркүйек, 2024
Түркістандағы аумағы 350 гектар болатын индустриялық аймақтың 40 гектары толықтай инфрақұрылыммен қамтылып, 32 жоба жүзеге асырылған. Облыс орталығына айналған қалада орта кәсіпкерліктің дамуына барынша жағдай жасалып келеді. Яғни қалада ауқымы кең, қуаты жоғары, өнімі сапалы кәсіпорындардың қатары артып жатыр. Әсіресе жиһаз өндірісінің қарқыны жоғары. Түркістанда жасалған жиһаздар ел өңірлерінен бөлек, шетелдерге де экспортталып жатыр.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2024
Әлеуметтік нысандар – халық игілігіне
Түркістан облысында білім, мәдениет, денсаулық сақтау саласына қажетті нысандар құрылысы жүйелі жүргізіліп келеді. Әрбір аудан, қаланың елді мекендерінің жай-күйі жіті сарапталып, қолға алынған құрылыс жұмыстарының қарқыны бәсеңдеген емес.
Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2024
Ең ұзын туннель пайдалануға берілді
Түркістан және Жамбыл облыстарын байланыстыратын автожол бойындағы еліміздегі ең ұзын туннель пайдалануға берілді. Автомобиль жолдары саласындағы бірегей нысан Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізінің бойында орналасқан. Ұзындығы – 840, ені – 11, биіктігі 8 метр болатын екі жолақты жолдан сағатына 100-ден аса көлік өте алады.
Өнер • 11 Қыркүйек, 2024
Атасының қасынан шықпайтын кішкентай Кәусар көргенін жадына сақтай жүрген. Есейе келе қарап отырмай, атасы жасаған заттарға ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзі де түрлі бұйымдар жасай бастаған.
Қоғам • 06 Қыркүйек, 2024
Этносаралық қатынастар нығайтылады
Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Азаматтық қоғам – тұрақтылық пен бірліктің кепілі» тақырыбында семинар өтті. Жиында өңірдегі қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, қоғамдық келісімді нығайту, медиацияны дамыту жайы талқыланды.