
Тұлға • 08 Қазан, 2024
Өнерді дәріптеген өнегелі әулет
Әлімбек ақсақалды қала жұрты жақсы таниды. Қала ғана емес, есімі республикаға белгілі, күнгей мен теріскей өңірінің күйшілік мектебі мен дәстүрлі ән-күйін қатар алып жүрген ақсақал бүгінде өнегелі аға буын өкілі ретінде де отанасы Ұлтуармен бірге қала жастарымен ұйымдастырылатын кездесулерге жиі шақырылады.
Қоғам • 08 Қазан, 2024
Сарыағаш ауданында «Ақ әжелер әуені» фестивалі биыл 14-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Аға буын белсенділігімен де үлгілі
Жас ұрпаққа айтары көп, өмірі өнегелі аға буын бүгінгі референдумда белсінділік танытып, үлгі көрсетіп жатыр. Мысалы, Қазығұрт аудандық «Әжелер алқасы» қоғамдық ұйымының мүшелері, ауданның ақ жаулықты әжелері референдумда алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Соғыс ардагері өз таңдауын жасады
Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 референдум учаскесінде Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев өз таңдауын жасады.
Университет • 02 Қазан, 2024
Университет ректоры халық алдында есеп берді
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ең ықпалды әлемдік университет рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings 2024 көрсеткіші бойынша 816-орынға ие болды. Сондай-ақ білім мен ғылымға қатысты түрлі критерийлер арқылы бағаланатын Asia University Rankings қорытындысымен Азия құрлығында – 203, Орталық Азия құрлығында 7-ші орынға табан тіреді.
Шаруашылық • 02 Қазан, 2024
Шаруалар мақта бағасына алаңдаулы
Түркістан облысында мақта өңдеу зауыттары мақта дақылын өсіруші шаруаларға жыл басынан бері 5 млрд теңге көлемінде алдын ала фючерлік несиелер таратқан. Одан бөлек, «Ырыс» МҚҰ арқылы 114 шаруа қожалығына 503 млн теңге несие берілген. Бүгінде шаруалар жаз бойы еңбектің жемісін көреміз деген ниетпен мақта теріміне қызу кіріскен. Алайда диқандар әлі нақтыланбаған «ақ алтынның» бағасына алаңдаулы.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Негізгі табысы мен күнкөрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын Жетісай ауданының шаруалары мақта терім науқанын бастады. Биыл ауданның 79,3 мың гектар суармалы жерінің 40,8 мың гектарына мақта шиті егілген. Науқанға 715 трактор мен 897 трактор тіркемесін, 232 мақта терім машинасын жұмылдыру көзделген. Бүгінде 200 тоннаға жуық мақта терілген.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2024
Референдум ерекшелігін ел ағалары түсіндірді
Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің көшпелі кеңесі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттерін айқындау, жұмысты ұйымдастыру мақсатындағы жиында көптеген мәселе талқыланды.
Саясат • 20 Қыркүйек, 2024
ТМҰ қауіпсіздік кеңесі хатшыларының басқосуы
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының үшінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты. Кездесу барысында тараптар ТМҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы ахуал жөнінде пікір алмасты.
Маман • 20 Қыркүйек, 2024
Деректерге жүгінсек, еліміздегі 11 мыңға жуық кітапханада 25 мыңнан астам кітапханашы қызмет етеді екен. Осыншама қызметкерлердің ішінде ер кітапханашылардың қарасы – 5-6 пайыз ғана. Оның себебі ел арасындағы кітапханашы – әйел адамның жұмысы ретінде қалыптасып қалған түсінік пен еңбекақының аздығымен байланыстырылады.