
Аймақтар • 25 Қазан, 2024
Халыққа арналған әлеуметтік игіліктер
Түркістан қаласында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұған дейін Баянауыл елді мекенінде мектеп болмағандықтан, осы аумақтағы оқушылар №17, №21, №27 мектептерге қатынап оқитын. Енді ол мәселе шешімін тапты.
Еңбек • 22 Қазан, 2024
Әр жетістік – шаруалар еңбегінің жемісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды екенін айтты. Ал былтыр алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізу, ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу, өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты болашағы зор бағыттарға басымдық беру қажеттігін атап көрсеткен болатын. Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуы халқының 80%-ы ауылда тұратын, ауыл шаруашылығы арқылы табыс тауып отырған Түркістан облысының мыңдаған отбасы үшін маңызды.
Мектеп • 22 Қазан, 2024
Түркістандағы алғашқы «Жайлы мектеп»
Облыс орталығында 2 000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында заманауи, озық үлгідегі білім ошақтары салынып жатыр.
Кәсіпкер • 19 Қазан, 2024
«Әрекетке – берекет» дегендей, бүгінде кішігірім кәсіп ашып, нәпақа тапқысы келетіндерге мемлекеттік бағдарламалардың септігі тиіп отыр. Әсіресе мемлекеттік қайтарымсыз грант өңірдегі шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашып, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне ықпал етті. Кәсіп ашқандардың арасында жастар да, көпбалалы аналар да аз емес.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Қыс маусымына жан-жақты дайындық
Түркістан облысында қысқы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралса, алдымен Кентаудағы жағдай басты назарға алынады. Оған себеп те жоқ емес. Былтыр желтоқсанда дүлей дауылдан қаладағы электр желілері үзіліп, жылу энергоорталығының жұмысына кері әсерін тигізді. Салдарынан қала жылудан ажыратылып, алты көпқабатты тұрғын үйдің, жеке сектордағы 40-қа жуық үйдің жылыту жүйесі істен шықты. Ол аздай, қара суықтан құбырлардағы газ қатып, 70 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынсыз қалды.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Түркістан облысында жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Олардың арасында еңбегі жоғары бағаланып, кәсіби мерекелерінде түрлі марапатқа ие болғандар көп.
Кино • 12 Қазан, 2024
«Қажымұқан» көрерменге жол тартты
Түркістан қаласында «Қажымұқан» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
Театр • 11 Қазан, 2024
«Вальс королі» төрт күн бойы аншлагпен өтті
Түркістан музыкалық драма театры IV маусым шымылдығын Байділдә Айдарбектің «Вальс королі» спектаклімен ашты. Төрт күн бойы көрерменге ұсынылған премьера аншлагпен өтті. Осылайша, театр қоржыны өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болған тағы бір тамаша туындымен толықты.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2024
Бағдарламаның балық шаруашылығына шарапаты
Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы Түркістан облысы тұрғындарының табысын арттыруға септігін тигізіп келеді. Алғашқы жартыжылдықта бағдарлама есебінен 30 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 3 413 жаңа жұмыс орны құрылды. 75 кооператив ашылды.
Референдум 2024 • 08 Қазан, 2024
Жас ұрпаққа айтары көп, өмірі өнегелі аға буын кешегі референдумда белсінділік танытып, жастарға үлгі көрсетті. Барлық ауданда ұлттық киіммен алғашқылардың бірі болып келген қариялар ақ батасын беріп, саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп жатты.