
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Түркиялық медиа компания Түркістан туралы кино түсіреді
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркия мемлекетінің «Albayrak Media Group» компаниясының өкілі және «Yeni Şafak» газетінің халықаралық бөлімінің директоры Өмер Кабланмен кездесті. Тараптар Түркістан өңірін әлемдік деңгейде таныту мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын кеңінен талқылады.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 26 Ақпан, 2025
Жұмысшы мамандар: сұранысқа қарай ұсыныс
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Түркістан облысында еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Оның 200 мыңнан астамы – жұмысшы. Бүгінде облыстағы жұмыс берушілерден 3 600-дей жұмысшы мамандыққа қажеттілік анықталған. Бұл орайда колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс осы қажеттілікке қарай реттеледі, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.
Өнер • 25 Ақпан, 2025
Түркістан «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуы мүмкін
Өткен жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі ұйымының 31 мүшесі Түркістан қаласына арнайы келіп, жергілікті қолөнершілердің жұмысына жоғары баға берген болатын. Осы орайда Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымына мүше болуға өтінім берген.
Экономика • 20 Ақпан, 2025
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы инвестиция саласындағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты. «Бізге сапалы инвестиция қажет екені анық. Озық технологияға негізделген және сыртқы нарыққа арналған жобаларды әдетте шетел инвесторлары ұсынады», деді Президент. Бұл орайда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың алар орны ерекше.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістан облысында 40 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысы Қазығұрт ауылында 2 қабатты, 8 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Ауданға іс-сапармен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасына жаңа пәтер кілттерін тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Түркістандық ақсақалдар кәсіпкерлерді арақ-шарап сатпауға шақырды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы, қалалық басқарма мамандары сауда саласындағы кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, салық заңдылығын жан-жақты мысалдармен түсіндірген еді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Ақпан, 2025
Шымкенттік студент армрестлингтен «Әлем кубогін» жеңіп алды
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек Ташенов атындағы университет студенті Нұрислам Амангелдіұлы «Әлем кубогын» жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
«Ақбикеш» мұнарасы қайта қалпына келтіріледі
Құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, облыс әкімдігі, реставраторлар, авторлық қадағалау мамандары және аталған ескерткішті бұрын зерттеген сарапшылар енген жұмыс тобы қайта қалпына келтіру жұмыстары кезінде қолданылған материалдардың бұзылу себептерін анықтау мақсатында бұйрығымен құрылған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сейдалиеваның айтуынша, алдағы уақытта мұнараға консервациялық жұмыстар жүргізіледі.
Есірткі • 13 Ақпан, 2025
400 килоға жуық есірткі тәркіленді
Түркістан облысының тұрғыны бақшасында фитозертхана орнатып алған. Әрине, заңсыз, жұрттан жасырын. Бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірген. Осы жайттарды анықтаған полицияның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстап, арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан аса есірткі салынған қаптарды тәркіледі. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалып, бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Мирас • 07 Ақпан, 2025
Салғырттық салдары: Көне ескерткіш қайта қалпына келтіруді қажет етеді
Созақ ауданы аумағындағы қарт Қаратаудың сілемдеріндегі биік төбе басына қаланған тарихымыздың жауһар ескерткіштерінің бірі – «Ақбикеш» мұнарасының бір шеті жуырда опырылып құлады. Жауаптылар бұл жағдайды ауа райының қолайсыздығымен, қар-жаңбырға шыдас бермегенімен байланыстырады. Ғасырлар бойы сақталған мұнараның бүгінгі ахуалы салғырттықты, ел тарихына немкеттілікті де аңғартады.