Фарида БЫҚАЙ
Фарида БЫҚАЙ«Egemen Qazaqstan»
655 материал табылды

Аймақтар • 08 Қараша, 2019

Құран оқудан жарыс өтті

Облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітінде қыз-келіншектер арасында Құран жаттау және оқу жарысы жыл сайын өткізіліп келеді.

Қоғам • 08 Қараша, 2019

Ет түске кірмесін десек...

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының экспортты және импортты ұйымдастыру бөлімінің мәліметінше, жыл басынан бері облыстан 942,9 тонна ет және ет өнімдері сыртқы нарыққа жөнелтілген. Ресей негізінен шошқа етін, ал Өзбекстан сиыр етін, тіпті малды тірілей сатып алуда. Жылқы еті ғана өзімізде қалады екен.

Парламент • 04 Қараша, 2019

Өңірді дамытудың өзекті мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.

Аймақтар • 01 Қараша, 2019

Қамқоршылық кеңес мүшелері қайда қараған?..

2020 жылдан бастап өңірде 1-4 сыныпта оқитын 51 278 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсат үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 789 миллион теңге бөлінбек. 545 бала демеушілер есебінен тамақтанады. Мектеп асханаларындағы тамақ сапасын Қамқоршылық кеңес өкілдері бақылауға алуда.

Аймақтар • 01 Қараша, 2019

Естайдың ескерткіші

Өңірімізде «Хұсни-Қорлан» деп әлеуметке «әлемде жоқ ән салдырған» Естай Беркімбаевтың құрметіне арналған рухани-мәдени шаралар жалғасуда. Жерлестерінің осы бір дара тұлғаға құрмет, ілтипат пейілдері ерекше. Ескерткіш мүсінтас орнату «Ақтоғай» қоғамдық қоры бастамасымен қолға алынған.

Аймақтар • 31 Қазан, 2019

Мәңгілік сурет әлемі

Көркемсурет музейінде қыл­қалам шебері Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың туға­нына 65 жыл толуына орай көрме өтті. Қызыл­ды-жа­сыл бояуы қанық түс­тер­ге толы туындыларынан автор­дың қоңыр дауы­сы ес­тіліп, дара тұлғалы келбеті елестеп, өзі салған бейнелер арқылы тіл қатқандай бо­лады.

Қоғам • 30 Қазан, 2019

Жемқорлықпен күрес үздіксіз жүреді

Қоғам дертімен бірлесіп күрес­кенде ғана ұтамыз. Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық дерегі туралы ресми органға хабар бергендерді көтермелеу шара­лары қолданылып келеді. Мысалы, Атырау облысында 30 адам келеңсіз көрініске куә болып, үнсіз қалмай, тиісті қызметті құлақтандырғандары үшін жалпы сомасы 4,5 млн теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл азаматтық қоғамның белсенділігін аңғартса, медальдың екінші беті бары секілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректерінің де көбейгенін көрсетеді.

Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Алқамбек әулеті сенімге лайық

Қоғамдық тәртіпті қадағалап, ел тыныштығы сақтау – абыройлы міндет. Осындай міндет жүктелген қызмет барысында қатал жауапкершілікке бағынатын құқық қорғау саласының қызметкерлері аз емес.

Аймақтар • 29 Қазан, 2019

...Жазып қойған хатпен тең

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, ақын, ардагер ұстаз Зекебай Солтанбайұлының шығармашылық кеші өтті. Рухани шара барысында Зекебай атамыздың Мәшһүр Жүсіп туралы жазған 5 томдық кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан • 28 Қазан, 2019

1100 пәтер оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге беріледі

1100 пәтер Нұр-Сұлтан қаласы, оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге беріледі. Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, 2025 жылға дейін облыстағы үш қалада көпқабатты 200 тұрғын үйлердің құрылысын бастау жоспарланды.