Нұршат ТӨКЕН
Нұршат ТӨКЕН«Egemen Qazaqstan»
1049 материал табылды

Қоғам • 06 Қазан, 2019

Корей этномәдени бірлестігіне - 30 жыл

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында мерекелік жиын өтті. Корейлердің Қазақстанға келу тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдары, мәдениеті, салт-дәстүрі көпшілікке таныстырылды.

Аймақтар • 04 Қазан, 2019

Қала іргесі азық-түлік белдеуіне айналады

Шымкентте жеміс пен көкөністі қайта өңдеу және консервілеу зауыты ашылды. «Дары Сайрама» ЖШС-нің жобалық құны – 350 млн теңге, сондай-ақ мемлекет бюджетінен 70 млн теңге субсидия берілген. Мұнда тұрақты 120 адам жұмыспен қамтылса, маусым кезінде 400-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар серіктестік жанында 5 гектар қарқынды жүзім плантациясы мен 1 гектар жылыжай кешені бар. Зауытта шырын құю желісі, тосап өндіру, лечо, томат пастасы, консервіленген қияр, қызанақ, түрлі салаттар сынды басқа да өнімдер шығарылады.

Медицина • 03 Қазан, 2019

Өзгеге өмір сыйлауда

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қалалық қан орталығында» «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Табысын жасырғандар тасада қалмайды

Жеке табыс салығын төлемей, тұрғын үйді жалға беретін жеке тұлғаларды анықтау бойынша Ішкі істер министрлігінің бұйрығы негізінде мемлекеттік кірістер органдары мен ішкі істер органдары өзара бірігіп жұмыс істеуі тиіс. Алайда осы күнге дейін Шымкент қаласының полиция департаменті тарапынан бірде-бір адам бойынша мәлімет ұсынылмаған. 

Тағайындау • 02 Қазан, 2019

Қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Жүнісов Дамир Дәулетұлы тағайындалды.

Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Шымкентте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті өтті

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық білім басқармасымен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ассоциациясының қалалық слетін ұйымдастырды.

Аймақтар • 02 Қазан, 2019

Түстікте мақта терімі басталды

«Ақ алтынның» отаны саналатын Мақ­таарал ауданында мақта терімі бас­талды. Ең бірінші болып Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Нұржан Ерназаров басшылық жасайтын «Нұржан» шаруа қожалығы ала жаздай өсірген өнімін жинауға кірісті.

Кино • 01 Қазан, 2019

Бекзат болмысы Шымкент жастарына рух сыйлады

Бүгін Шымкент қаласында «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен түсірілген «Бекзат»көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Картина Сидней Олимпиадасының чемпионы марқұм Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігіне арналған. Толық метрлі картина 3 қазаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланған.

Руханият • 27 Қыркүйек, 2019

Батагөйлер бәйгесі

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» кеңсесі мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Батаменен ел көгерер» атты батагөйлер байқауы өтті. Ұлттық құндылық ұлықталған сайыста көпшілік көнекөз қариялардан батаның түр-түрін тыңдады.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2019

Сәулеті талапқа сай болуы керек

Шымкент қаласының сәу­леттік келбетін дамы­ту үшін мемлекеттік бағдарлама ар­қылы салынып жатқан үй­лердің сыртқы қасбетін заман талабына сай ету керек. Осылай деп мәлімдеген қа­ла әкімі Ерлан Айтаханов шаһарда тұрғызылып жат­қан бірқатар тұрғын үй ке­шен­дерінің жұмыс барысымен танысты.