Инновация • 13 Қараша, 2023
Жуырда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Johnson & Johnson» компаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралы «Джонсон & Джонсон» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі фармацевтикалық бөлімшесі, «Янссен» директоры Катерина Погодина хабарлады.
Денсаулық • 13 Қараша, 2023
Қант диабетіне шалдыққандарға көмек
Елімізде бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан аса пациент болса, осы қатарға жыл сайын 18 мыңнан 30 мыңға дейін науқас қосылады екен. Қант диабетіне шалдыққандар тек елде ғана емес әлемде көбейіп барады. Бетін аулақ, кейбір деректерде 2045 жылға қарай әлемде 783 млн пациенттен осы кесел анықталады деген болжам бар. Қант диабетімен күрес күні қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында тақырыпқа қатысты көптеген мағлұматқа қанықтық.
Денсаулық • 09 Қараша, 2023
Қызылшаға қарсы вакциналау басталды
Астанада 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакциналау жүргізіле бастады. Вакциналау қаланың барлық МСАК ұйымдарында жүргізіледі.
Медицина • 08 Қараша, 2023
Онкологиялық дерттен айықтыру ізденістері
Кейінгі жылдары ел медицинасында онкологиялық аурулардың алдын алып, емдеп-жазуға басымдық берілді. Аймақтар онкологиялық диспансерлермен толықса, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында онкологиялық орталықтар ашылды. Бірер күн бұрын Қазақстан онкологтері мен радиологтерінің IX съезінде тәжірибелі мамандар саладағы жетістіктермен қатар алдағы мақсат-міндет турасында пікір алмасты.
Экономика • 07 Қараша, 2023
Шағын және орта бизнес дамыса, халықтың ахуалы жақсарады. Мұны экономистер үнемі ескертеді. Істің көзін білетін азаматтар мемлекеттің қолдауынан қалыс қалмаса, мүмкіндікті пайдаланса екен дейсің. Біз мұны бірер күн бұрын қаладағы бизнес-нысандарды аралағанда түсіндік.
Еңбек • 02 Қараша, 2023
«Кәсіп түбі – нәсіп» деген. Мұны жақсы білетін ағайынды Айтняковтар бірнеше жыл бұрын бастаған ісін кеңейтуді ойластырып отыр. Техниканың тілін білетін жандар осы күнге дейін шағын бөлмелерді жалға алып келген. Соның өзінде тұрақты тұтынушылары бар. Жуырда ағайынды кәсіпкерлердің жұмыс орнына барғанымызда, мүгедектігі бар жандардың табандылығына тәнті болдық.
Денсаулық • 01 Қараша, 2023
Қызылша жұқтырғандар көбейіп барады
Елімізде қызылшамен ауырғандар саны көбейіп барады. Нақтырақ айтар болсақ, жыл басынан бері 11 мыңнан аса науқас сырқаттанса, оның 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар екен. Сонымен, балпанақтай балаларда жиі кездесетін қызылшадан құтылудың жолы қандай?
Еңбек • 30 Қазан, 2023
Еңбек нарығындағы өзгеріске дайынбыз ба?
Заман ағымына, қоғам қажетіне қарай еңбек нарығында өзгерістердің болуы заңды. Мұндайда еңбекке әне-міне араласқалы тұрған жастар сұранысқа сай салада білім алып, тәжірибелі, жұмыста ысылған мамандар біліктілігін шыңдап отырса жақсы. Бірер күн бұрын елордада өткен халықаралық конференцияда сала басшылары, елдегі және халықаралық сарапшылар еңбек нарығындағы сын-тегеуріндер мен өзгерістерді талқылады.
Медицина • 16 Қазан, 2023
Ана мен баланы аман алып қалды
Елорда дәрігерлері жүктіліктің сегізінші айындағы әйелге екі операция жасап, ананы да, баланы да аман алып қалды.
Қоғам • 09 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы желілердің тозғанын айтып, «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу туралы айтқан еді. Бұл жаңашылдық инфрақұрылымға инвестиция салуды және ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мониторинг жүйесіне қатысуды көздейді.