Қоғам • 10 Қазан, 2024
Мүгедектігі бар адамдардың құқы қаралды
Астанада мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын іске асыру аясында халықаралық семинар басталды. Оған халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
Қоғам • 01 Қазан, 2024
Өркениет көшіндегі өрелі жұрттың қариясы да қадірлі болатыны рас. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дейтін қазақы таным-түсінікте үлкенді құрметтеп, төрден орын беру – бұлжымас қағида. Мемлекет те қарияларымыздың қамсыз өмір сүруіне барынша жағдай туғызып келеді.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2024
Деректер базасын интеграциялаумен іс біте ме?
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медицинада кеше, бүгін айтылып, іске аса бастаған бағыт емес. Осыған дейін талай тәжірибе пысықталды, енгізілді. Мемлекеттік болсын, мейлі жеке болсын ақпараттық жүйелер жетіп-артылады. Бірақ соның өзі саланы дұрыс басқарып, бақылауға, медициналық көмектің сапасын арттыруға жеткіліксіз болып тұр. Пациенттер тиісті медициналық көмекті дер кезінде алмаса, дәрігерге қаралу үшін емханаға жүз барса, сапасына көңілі толмаса медицинаны тиімді деп айтуға келе ме?
Туризм • 21 Қыркүйек, 2024
Бұрын туризм дегенде бірден жағажай, теңіз маңындағы курортты аймақтар еске түссе, кейінгі жылдары, әсіресе пандемиядан соң әлем халықтарының қызығушылығы туризмнің басқа түрлеріне ауа бастады. Бұрын естімеген, естісе де бармаған сыры бүгулі жатқан жұмбақ өлкелер тартымды бола бастады. Басқаны айтпағанда, ел азаматтар да қаладан жерінгенде қыз-қыз қайнаған тіршіліктен жырақ, жазыққа, адам қарасы аз табиғат аясына шығуды дұрыс көреді.
Медицина • 20 Қыркүйек, 2024
МӘМС: тағы да тығырыққа тірелді
Биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қаржылық мәселелер туындады. Мұның салқыны қордан қаржы алып отырған медициналық ұйымдарды да айналып өтпеді. Қазір қор басшылығы мен жергілікті ұйымдар жағдайды ескере отырып, қаржыны үнемдеу жағын да ойластырып жатыр.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 12 Қыркүйек, 2024
Әлем халқы көз тіккен V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының үшінші күнінде тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату мен алыптар сайысында топқа түскен оғландар алтыннан алқа тағып, ел абыройын үстем етті. Қоржында – 27 алтын, 14 күміс, 18 қола медаль. Осылайша, ел спортшылары көшпелілер ойындарының көшін бастаса, кейінгі сатыда 7 алтын алған Қырғызстан, Өзбекстан құрамалары үзеңгілес келеді.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2024
Әр отбасы – берекелі қоғамның тірегі. Соның айғағы ретінде елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы ұйымдастырылып келеді. Кеше Астана төрінде Отбасы күні құрметіне дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары арнайы марапатталды. Салтанатқа мемлекеттік лауазымды тұлғалар, қоғам қайраткерлері, түрлі ұйымдардың басшылары және елорда жұртшылығы қатысты.
Еңбек • 04 Қыркүйек, 2024
Барлық салада жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісімі еңбек шарты негізінде бекітіліп, реттелуге тиіс. Кейбір ұжым басшылары Еңбек кодексін, еңбек шартын жетік білсе де, көзге ілмей жататын кездері болады. Екінші жақ та еңбек құқы бұзылғанын білгенімен, жұмыстан ажырап қалмауды ойлап, келеңсіздікке көз жұма қарайды. Бүгінде жылдап еңбекақысын күтіп шағымданатын ұжымдар азайғанымен, өңірлерде жалақысын өсіруді талап еткен жұмысшылардың шағымы көптің құлағына еміс-еміс жетіп жатады. Егер еңбек дауларына қатысты деректерге үңілсек, жұмыс беруші мен жұмысшы арасында кикілжің ара-тұра емес, жиі туындайтынын аңғарамыз.
Медицина • 27 Тамыз, 2024
МӘМС: Цифрландыру тұйықтан шығара ма?
Медициналық көмектің сапасын арттыру үшін МӘМС жүйесі мен медициналық мекемелердегі кемшіліктерді қатар реттеу қажет. Қазір МӘМС жүйесін жетілдіруге, цифрландыруға басымдық бере отырып, кемшіліктерді реттеуге көңіл бөлініп жатқанын байқаймыз. Мысалы, сақтандыру қорында медициналық қызметті цифрландырып, жүйедегі мол деректермен жұмыс істеу үшін ситуациялық-талдамалық орталығы ашылды.
Туризм • 11 Маусым, 2024
Еліміздегі туризмнің даму қарқыны туралы айтқанда инфрақұрылым, инвестиция сосын барып қызмет көрсету сапасына тоқталамыз. Жазы жылы, қысы қатал өлкелеріміз кейбір мәңгілік жаз орнаған курортты елдермен бәсекелесе алмаса да, өзіндік айшықтары, табиғи байлықтары өз басына жетіп-артылады. Ендігісі қолда барды ұқсатып, туристерге дұрыс ұсына білу қажет.