Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
129 материал табылды

Қоғам • 16 Қаңтар, 2023

Балабақша әлемі: Жетістік пен кемшілік

Еліміз балаларды толықтай балабақшамен қамтуға басымдық беріп отыр. Қазір елде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым болса, оның 6 мыңға жуығы – мемлекеттік, ал 5 мыңнан астамы – жекеменшік.

Білім • 12 Қаңтар, 2023

Бәсеке заманындағы білім

Ақылы мектептің артықшылығы мен кемшілігі неде? «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деген-ді Ы.Алтынсарин. Қазір осы дөп айтылған сөзбен қатар «Оқымайтын оқушы жоқ, қызықтыра алмайтын ата-ана, мұға­лімдер» деген пайым да айтылып жүр. Аңғарғанымыз, бұл пікірмен басқа-басқа, ақылы мектептің мұғалімдері санасады. Онда­ғы оқушылардың білімі таяз болса, ата-ана баласын ақылы мек­тепке сүйреп, шығындалып қайтеді? «Ақылы мектептің артық­шы­лығы мен кемшілігі неде?» деген сауалдың шеті осыдан шығады.

Қоғам • 01 Қаңтар, 2023

Әлеуметтің қалқаны болар кодекс

Кез келген ел ең әуелі әлеуметтің әл-ауқатын реттеуге басымдық береді. Сол себепті де Президент Әлеуметтік кодексті әзірлеу туралы бастаманы 2020 жылы көтергенімен кейінгі Жолдауларында жобаны толықтыратын, тұздық болатын ұсыныстар айтып келді. Демек Президент тапсырмасы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіріп, бірізділендіруге арқау болып отыр. Былтыр жыл соңындағы Үкімет отырысында жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мақұлданды.

Білім • 29 Желтоқсан, 2022

Мектеп формасы жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейте ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жол­дауында мектеп формасын қолжетімді етудің маңызын, осы мақсатта мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн екенін атап өтті. Қоғамдық талқының тақырыбына айналған бұл мәселенің шешімі жеңіл өнеркәсіптің өрісін кеңейтіп, қайта жандандыруға ықпал етуі әбден мүмкін.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2022

Бурабайдағы қыстың кереметі

Былтыр Бурабайға 300 мың қонақ сапар шексе, биыл шамамен 550 мың турист келген. Қуантарлығы, жаздыгүні демалуға таптырмайтын «Бурабай» демалыс орны қонақтарға қысқы маусымда да сапалы қызмет көрсетуге дайын.

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022

Бала құқығы – басты құндылық

Балалар жылы аясында Астана қаласында халықаралық конференция өтіп, онда балалардың құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, ауқымды жоспарлар пысықталды. Айтулы іс-шараға Чехия, Хорватия, Мажарстан және Қырғызстан елдерінен келген сарапшылар қатысты. БҰҰ-ның елдегі тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) елдегі өкілі, бала құқықтары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен қатар педагогтер, ата-аналар мен балалар да осы кездесудің ортасында болды.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022

«Дарын» сыйлығы иелерін тапты

Қоғамда мәдениет, әдебиет, спорт, өнер сынды түрлі салада талмай еңбектеніп, елдің ықыласына бөленіп жүрген жастар көп. Талантымен танылған шын шеберлерге ел Үкіметі де қажетінше қолдау көрсетуде. «Жаңа белестегі жастар» форумы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Коронавирус • 08 Желтоқсан, 2022

Қайта күшейген коронавирус

Елдің есін алған коронавирус инфекиясы қазір халық арасында көп айтылмаса да, мутацияланған вирустың жаңа түрлеріне нақты тосқауыл табылмай тұр. Ал эпидемиолог дәрігерлер вирустың тарауына жол бермеудің жалғыз амалы қоғамдық иммунитет қалыптастыру екенін бұған дейін де талай мәрте айтқан.

Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022

Мәдени демалыс

Астаналықтар осы аптада Тәуелсіздік күні қар­саңында 30-дан аса мере­келік іс-шараны тамашалай алады.

Спорт • 05 Желтоқсан, 2022

Жасөспірімдерге жол ашқан біріншілік

«Алау» мұз айдынында өтіп жатқан конькимен жүгіру спор­тынан қаланың ашық чемпионаты таяды. Дүние­жүзілік коньки тебу күніне орай ұйымдастырылған «astana open» турнирінің тартысты өтуіне өзге өңір­лерден келіп қатысуға ниет білдірген балалар мен жас­өспірімдер, спорт мектебінің ұландары себепші болды.