Білім • Кеше
Жасанды интеллект оқу сапасын арттыруға септеседі
Жасанды интеллектіні білім саласына енгізу – әлемде ең қызу талқыланып жатқан мәселенің бірі. Осы орайда Мемлекет басшысы ЖИ-ді мектеп кезеңінен бастап қолдану қажет екенін айтып, стратегиялық бағытты айқындап берді. Алайда білім құрылымы күрделі, көпдеңгейлі жүйе болғандықтан, мұндай технологияны бірден енгізу мүмкін емес. Осыған байланысты Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов, «Daryn.online» платформасының тең құрылтайшысы Асқар Мақсатұлы, білім саласының сарапшысы, PhD Мәдина Тыныбаева, «Qalan.kz» стартабының негізін қалаушы Асқар Болат, «Amansultan» цифрлы платформасының авторы Нұрлан Қиясов пікір білдірді.
Ғалам ғажаптары • Кеше
Мұғалімдер 4 күн жұмыс істейді
Шотландия мұғалімдерге төрт күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізбек. Бұл – жай эксперимент емес, ұстаздардың жүктемесін азайтып, мамандықтың беделін арттыруға бағытталған қадам.
Ғалам ғажаптары • Кеше
Қытай әлемдегі алғашқы атоммен жүретін контейнер тасымалдаушы кеме жасауды жоспарлап отыр. Балама энергия көздеріне көшу өзекті болып тұрған шақта, Цзяннань кеме жасау зауыты ядро энергиясын пайдаланатын жаңа өнімдерінің үлгісін таныстырды.
Ғалам ғажаптары • 10 Желтоқсан, 2025
Физиктердің арасында «бір бөлшектің барлық қасиетін бір уақытта бақылауға бола ма?» деген сұрақ көп жылдан бері талқыланып келе жатыр. Эйнштейн бұған «мүмкін» десе, Бор «квант әлемі ондайға рұқсат бермейді» деген тұжырым айтқан.
Ғалам ғажаптары • 10 Желтоқсан, 2025
Қарапайым студент Росс Ульбрихт – даркнет тарихындағы ең танымал адамдардың бірі. Себебі ол тауарсыз интернет дүкенін ашқан.
Ғалам ғажаптары • 09 Желтоқсан, 2025
Бұл бөлме – ХХ ғасырда жасалған ең ерекше оптикалық иллюзиялардың бірі. Сырт көзге ол кәдімгі бөлмеден еш айырмашылығы жоқ сияқты көрінеді. Бірақ оның ішіне кірген адам сол жаққа қадам жасаса – алып, оңға қарай жүрсе, кішкентай болып көрінеді.
Ғалам ғажаптары • 09 Желтоқсан, 2025
XX ғасырдың ортасы әуе сапарларының ең дәуірлеген кезеңі болды. Ол кезде ұшу жай жол жүру емес, мәртебе мен сән-салтанат белгісі еді.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ахмет Байтұрсынұлы оқуларының дәстүрлі бағдарламасы жалғасын тауып, түрколог Немат Келімбетовтің ғылыми мұрасын талдауға арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға еліміздегі Түркия мен Өзбекстаннан тілтанушы, әдебиеттанушы, түркітанушы ғалымдар қатысып, көне түркі жазбалары, тіл тарихын кезеңдеу, ортақ терминология, әліпби және тарихи тілдік деректерді қайта қарау сияқты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
ЖИ қызметі қадағалауды қажет етеді
Қазіргі ақпараттық алаңның жай-күйі күрделене түсті. Бұған ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – жасанды интеллект. Әсіресе ЖИ көмегімен жасалған бейнематериалдардың қайсысы шын, қайсысы өтірік екенін анықтау қиын болып барады. Бұл жағдай фейк жаңалықтардың көбеюіне жол ашып, қоғамдық қатынас нарығына айтарлықтай әсер етіп жатыр. Осыған байланысты жаңа нарық талаптарын меңгерген мамандарды даярлау күнтәртібіне шықты. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы осы мәселені талқылауға сала мамандарының басын қосып, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиында қатысушылар ЖИ дәуірінде ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын және білім мазмұнын жаңарту туралы сөз қозғады.
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Киберқауіпсіздік – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Францияның өнеркәсіптік тобы құпиялығы шектелген хабарламаларды қорғауға арналған «Mistral» шифраторын шығарды.