Технология • 13 Қараша, 2023
Роботтар асық атып, арқан тартты
Бүгінде темір техникалардың әлеуеті адамнан кем емес. Бәріне қабілетті. Ал ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасқан роботтар тіптен ерекше. KazRoboSport-2023 роботтехникасы бойынша республикалық спорттық чемпионатында роботтар асық атып, арқан тартып, ақсүйек ойнап сынға түсті. Сондай-ақ жапондық сумодан да тартысты өнер көрсетті.
Ғылым • 09 Қараша, 2023
Кейінгі жылдары елімізде ғылымға жіті көңіл бөліне бастады. Өйткені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде отандық ғылымның кенжелеп қалып, көш соңында жүргенін айтқан. Бұған қоса, Президент ғылымды ілгерілетуге біршама бастама ұсынып, арнайы тапсырмалар берген еді. Әсіресе жас ғалымдарды қолдауға ден қойылып жатыр.
Аймақтар • 08 Қараша, 2023
Шығыс Қазақстанның жартылай шөлейт даласында орналасқан Көкен қонысында қола дәуірінің қонысы астында қалған тас ғасырының бірнеше қабат шөгіндісі анықталды. Ежелгі қабаттардан табылған жерлеу орны біздің дәуірімізге дейінгі VI мыңжылдық ортасына немесе ерте неолит кезеңіне сәйкес келеді. Назарбаев университеті қаржыландырған TEECA археологиялық зерттеу тобы Абай облысындағы Көкен қонысы еліміздегі ең көне жерлеу қорымы болуы мүмкін деген болжам жасады.
Сұхбат • 06 Қараша, 2023
Қазіргі заманда жоғары білім ұлттың экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторына айналды. Жақсы білім беру – сапалы мамандарды даярлаудың, инновациялық үдерістерден тыс қалмаудың, ғылым мен мәдениетті дамытудың кепілі. Соның ішінде шетелдік білім беру құжаттарын тану студенттердің академиялық ұтқырлығы мен мамандардың шетелде біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі – жоғары білім беру біліктілігін тану туралы Токио және жаһандық конвенцияның ратификациялануы. Аталған конвенциялар Қазақстанға қандай мүмкіндіктер мен өзгерістер алып келетінін Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы директорының орынбасары Ержан ІРГЕБАЕВТАН сұрап көрдік.
Таным • 06 Қараша, 2023
Балабақшадағы тәрбиенің заманауи үрдістері
Баланың бақшаға баратын шағы – жауапты кезең. Өйткені ол қоғаммен енді араласа бастайды. Дәл осы сәтте баланы тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуі қажет. Осыған байланысты Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Президент орталығымен бірлесіп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» атты «QARLYGASH-2023» II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Қазақстан • 05 Қараша, 2023
Цифрландыру саласында еліміз көрші мемлекеттермен ғана емес, Еуропаның бірқатар елімен лайықты бәсекелес болып отыр. Кейбір көрсеткіштер бойынша Португалия, Италия, Словения, Мажарстан, Польша елдерінің алдына түсті.
Мектеп • 03 Қараша, 2023
Мектептегі орын тапшылығы елімізде өзекті мәселеге айналған. Үш ауысымда лық толып тұратын мектептер мен апатты жағдайда болса да, жұмыс істеп тұрған білім ордалары бар. Жағдайы жоқ мектепте жақсы білім бола қоюы екіталай. Оқушының сапалы, заманға сай білім алуына, әлбетте, заманауи жабдықтар қажет. Дегенмен бұл мәселелер жақын арада шешіледі деген үміт бар. Бұған себеп – тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы.
Ғылым • 26 Қазан, 2023
Агроғылым ауылды қалай дамытады?
Аграрлық сала – экономиканың драйвері. Алайда аграрлық ғылымсыз бәсекеге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан ғылымға ерекше көңіл бөлінуі қажет. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен «Аграрлық ғылым – ауыл шаруашылығы өндірісіне» дөңгелек үстелі осы маңызды мәселеге арналды.
Технология • 20 Қазан, 2023
ChatGPT білімді қалай өзгертеді?
Жаһанды өзгертіп жатқан жасанды интеллект білім саласына да өз әсерін тигізетіні анық. Білім беру платформалары дәстүрлі жүйеден бірте-бірте бас тартып жатыр. Өйткені бүгінгі ұрпақты бұрыңғы біліммен оқыту әсте қиын.
Шаруашылық • 18 Қазан, 2023
Көксерке – балық шаруашылығындағы құнды балықтардың бірі. Еуропаға экспорты ұлғайғандықтан әрі су айдындарының барлығында көп ауланатындықтан, санының күрт азайғаны байқалған. Осыған байланысты ел ғалымдары көксерке балығын жасанды жолмен молайтудың биотехнологиялық тәсілін ойлап тапты.