Жасанды интеллект • 01 Қазан, 2025
Жасанды интеллектіге сүйенген жүйелер
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жасанды интеллектіні ұлттық дамудың негізгі тетігі ретінде айқындады. «Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Еліміз үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет», деді Президент. Сондай-ақ ол ЖИ-ді барлық салаға енгізуді міндеттеп, стартап жобаларға басымдық беріп, оған ерекше қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. Қазірде жасанды интеллект негізінде жасалған түрлі стартап жобалар әр салада әзірленіп жатыр. Солардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.
Ғалам ғажаптары • 30 Қыркүйек, 2025
Аризона университетінің астрономдары планетаның жаңадан жаралып жатқан сәтін суретке түсіріп алды. Ғаламшар Жерден 437 жарық жылы қашықтықтағы WISPIT-2 жұлдыз жүйесінде орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
Ғалам ғажаптары • 27 Қыркүйек, 2025
АҚШ ғалымдары 3D принтермен басып шығару арқылы 14 түрлі өнімнен тұратын кешкі ас дайындады.
Ғалам ғажаптары • 27 Қыркүйек, 2025
Стэнфорд университетінің ғалымдар тобы жасанды интеллект көмегімен алғаш рет геном деңгейінде толық әрі үйлесімді вирус тізбектерін құрастырғанын мәлімдеді.
Ғалам ғажаптары • 27 Қыркүйек, 2025
Ка-32 тікұшағы – бүгінгі күнге дейін сенімділігі мен тиімділігі дәлелденген, әлем бойынша жоғары бағаланатын тікұшақтардың бірі. Ол күрделі климаттық жағдайларда, тау шатқалдарында және ірі қалаларда төтенше жағдайлармен күресте таптырмас көмекші саналады.
Жасанды интеллект • 26 Қыркүйек, 2025
«AI-Sana»: Білім саласындағы жасанды интеллект
«Жасанды интеллект технологиялары саласындағы отандық және халықаралық білім беру бағдарламалары еліміздің кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қоса алады. Үкіметке жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін «AI-Sana» бағдарламасын кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бағдарлама білім беруді, зерттеулерді және стартаптарды дамытуды біріктіретін серпінді экожүйе қалыптастыруға ықпал етуге тиіс. Әлемнің жетекші университеттерінің акселерация тәжірибесін пайдалану қажет. Қазақстанның әрбір азаматына жасанды интеллектінің пайдасын түсіндіру, оның не үшін қажет екенін және оны дұрыс қолдану жолдарын жеткізу алдағы міндет», деген еді Президент. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да осы бағдарламаның маңызын атап өтті.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Қазіргі уақытта голограммалар көбінесе лазердің көмегімен жасалады. Алайда Шотландия ғалымдары бұл үдерісті жеңілдетудің жаңа жолын тапты.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Фастфуд санаулы күн ішінде ми қызметін нашарлатады. АҚШ-та жүргізілген зерттеулер фастфудтың адамның есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесіне кері әсер ететінін көрсетті.
Ғалам ғажаптары • 26 Қыркүйек, 2025
Мэн университетінің ғалымдары қазіргі заманғы адамзат эволюциясының бағыты өзгеріп жатқанын айтады. Олардың пікірінше, бүгінде адамның дамуы мен өзгеруіне әсер ететін басты күш – биологиялық гендер емес, мәдениет.
Ғылым • 25 Қыркүйек, 2025
Биомедицина саласындағы халықаралық конференция өтті
«Nazarbayev University»-де «Life Science Today 2025 – Frontiers in Biomedicine: Infer, Innovate, Impact» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Ауқымды форум «National Laboratory Astana» зертханасының 10 жылдығы мен Өмір туралы ғылымдар орталығының 15 жылдығына арналды. Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, деп жазады Egemen.kz.