Ерзат ЖАНАТҰЛЫ
Ерзат ЖАНАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
6 материал табылды

Аймақтар • 01 Наурыз, 2023

Жаңарған әуежай

Абай облысындағы туризм саласын дамытуда айдынды Алакөлдің орны айрықша саналады. Өткен жылы көл жағалауына 2 млн-ға жуық адам келіп демалыпты. Сондықтан келушілерге қолайлы жағдай жасау жалғасын тауып жатыр. Оның үстіне Абай облысын әлеуметтік – экономикалық дамуына арналған кешенді жоспарда туризм саласын өркендетуге баса мән берілген болатын. Осы ретте Үржар ауданындағы әуежай туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда.

Төтенше жағдай • 22 Ақпан, 2023

Қауіпті учаске көп

Семей қаласында көктемгі су тасқыны қаупі бар 15 учаске анықталған. Мұндағы бас-аяғы 631 тұрғын үйді су басу қаупі бар. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сүйенсек, тасқын суға тосқауыл қою үшін су және өзен арналары тазартылып, су өтетін құбырлар кеңейтіліп, жағалауды нығайту сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шаруашылық • 22 Ақпан, 2023

Шаруашылықты дамытуға мүмкіндік мол

Жуырда Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары аясында ірі сауда нысандарын аралап, нарықтағы баға тұрақтылығын бағамдады. Сонымен қатар бірқатар шаруа қожалығына барып, басшыларымен жүздесті. Облыс кәсіпкерлерімен кездесті.

Туризм • 17 Ақпан, 2023

Өңір туризмі өркен жайсын десек...

Қолында қаржысы барлар көбіне шетелге шығып демалғанды қолай көреді. Ел көріп, жер танығанға, не жетсін? Бірақ демалуға тірнектеп жинаған қаражат өзге елдің қазынасын қампайтып, өзіміздікін ортайтып жатқанын түсінгіміз келмейді. Отандық туризмнің ұтылатыны – осы тұс. «Елде неге демалмайсың?» деп сұрай қалсаң, жауап дайын. Сын көтермейтін сервис жайын сөз етіп, шектен шыққан қымбатшылықты қозғайды.

Аймақтар • 16 Ақпан, 2023

Бөгеттерді баптағаның – судан елді сақтағаның

Көктем – қол қусырып қарап отыратын мезгіл емес. Қамданатын уақыт, қарекет қылатын кез. Қауырт тірлікке, қауіпке толы, бір беймаза шақ деуге келеді. Ақпанның орта тұсына таядық. Қардың да көбесі сөгілуге жақын. Жиырма күннің ар жақ, бер жағы. Биыл өзі Абай облысына да қар қалың түсті. Сондықтан етек-жеңді жинап отырмаса болмайды.

Ауыл • 15 Ақпан, 2023

Ауыл баласының ермегі

Қайнар ауылының балалары басы қосыла қалса, қозы-лақ көтеріп жарысып жүр. Ауылдың қарадомалақтарының биылғы қыстағы ермегі осы болып тұр. Балғындардың арасындағы қозы-лақ көтеру бәсекесі былтыр көктемде Наурыз мерекесінде басталып кеткен.