Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
280 материал табылды

Мәселе • 16 Желтоқсан, 2024

Бір ел – бірегей уақыт

Биылғы 1 наурыздан елімізде уақыт белдеуі бір жүйеге келтірілді. Мұның мемлекеттік қызметке, жолаушылардың әрі-бері жүруіне, тағы басқа да тиімді тұстары болғанымен, шығыстағы облыстардың тұрғындарына біршама қолайсыз екені айтылып, қоғамда әлі де талқыланып жатыр.

Табиғат • 14 Желтоқсан, 2024

Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді

Биыл Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге орай, еліміздегі өзге де табиғи парктермен қатар, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркіне кіру тәртібі де өзгеріп, жаңа тариф енгізілді. 

Еңбек • 12 Желтоқсан, 2024

Өз кәсібінің шебері

Атбасар ауданындағы еңбекші азаматтардың дені нәсібін теміржол бойынан тереді. Осы салаға қатысты ірі кәсіпорындар өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Соның бірі – Атбасар электровоз жөндеу зауытының қарапайым жұмысшысы, еңбегіне адал майталман маман Ерлан Нығмет.

Туризм • 12 Желтоқсан, 2024

Аймақтық саяхаттың аясы кең

Аймақтық туризм – жергілікті өнеркәсіпті дамытудың аса қуатты мультипликаторы. Туризмнің арқасында тамақ, киім өнеркәсібі, сауда, көлік, ауылшаруашылығы, басқа да әлеуметтік-экономикалық салалар қарқынды дамиды.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2024

Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі

Бәрінен бұрын «бағаналы орда басты орданың» тазалығы аса маңызды екені – түсінікті жайт. Өйткені Астана тек қала ғана емес, аз жылдар ішінде үлкен туристік орынға айналып үлгерген шаһар. Бұған дейін бас қаламыз әлемдегі ең таза астаналардың отыздығына кірген еді.

Мәселе • 07 Желтоқсан, 2024

Болашағымызға бейжай қарамайық...

Бүгінде балалар қауіпсіздігі – өзекті мәселенің бірі. Балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалардың көбейіп кетуі қалың көпшілікті қатты алаңдатып отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев та назар аударып, халыққа Жолдауында: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе», деп атап көрсетті.

Дәстүр • 06 Желтоқсан, 2024

Қазақтың беташары – ЮНЕСКО тізімінде

2024 жылғы 2-7 желтоқ­сан аралығында Па­раг­­­вай Респуб­лика­сының Асун­сьон қаласында өт­кен Мате­риал­­­дық емес мә­дени мұра­ны қор­ғау жөніндегі үкімет­ара­лық комитеттің 19-сес­­сия­сының 4-күнінде (5 жел­тоқсанда) қазақтың салты беташар мен беташар жыры адамзат­тың репрезентативті тізімі бойынша материалдық емес мәдени мұра құндылығы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енді. Бұған дейін қазақтың 13 мұрасы осы тізімге алын­ған еді. Биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Салбурын» мен «Беташар» сияқты ұлттық құндылықтарды ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енгізу барысы жүріп жатқанын айтқан еді.«Елімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және молайту мақсатында ауқымды әрі үздіксіз жұмыс жүргізіліп келеді. Ұзақ жылдан бері алғаш рет жақында материалдық емес мәдени мұраның Ұлттық тізбесі айтарлықтай кеңейді. ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне біздің «салбурын» және «беташар» сияқты ұлттық дәстүрлерімізді енгізу мәселесі пысықталып жатыр», деген Мемлекет басшысы.

Экология • 03 Желтоқсан, 2024

Орталық Азия Арал тағдырына алаңдаулы

Бүгінде Арал теңізінің ахуалы адамзатты алаңдатып отыр. Сондықтан Орталық Азия және Каспий маңы елдері Арал теңізін қорғау бағытында ортақ іске мүдделі. Осы мақсаттағы жұмыстарды ширатуға көңіл бөлген «Байтақ» жасылдар партиясы күллі түркіге қадірлі Түркістан шаһарында жасылдар партияларының «Aral-2024» І халықаралық саммитін өткізді.

Талбесік • 30 Қараша, 2024

Орманымыз ортаймасын десек...

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегенімізбен, «орманды жерде отын көп» дейтін де пиғыл жоқ емес. Заңсыз орман отайтындардың сыбысы әредік білініп қалады. Білінбей жүргендері қанша. Десек те оң қадамдар да бар.

Экология • 29 Қараша, 2024

Арал тағдырына Орта Азия алаңдап отыр

Арал теңізінің ахуалы адамзатты алаңдатып отыр. Сондықтан Орталық Азия және Каспий маңы елдері Арал теңізін қорғау бағытында ортақ келісімдер мен шешімдер қабылдап келеді. Осы мақсаттағы жұмыстарды ширатуға көңіл бөлген «Байтақ» жасылдар партиясы Түркістанда «ARAL – 2024» жасылдар партияларының І халықаралық саммитін өткізіп жатыр.