Алматы • 04 Наурыз, 2024
Жер сілкінісіне байланысты шұғыл жиын өтті
Жер-ана тағы да тосын мінез танытты. ҚР ТЖМ «ННЦСН и И» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Қаланың құрметті азаматы атанды
Ауған соғысының ардагері Марат Қалғұлов Қонаев қаласының Құрметті азаматы атанды. Ардагерге бұл құрмет биыл кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай облыс орталығы – Қонаев қаласында өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген еді.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Бес жыл бұрын жұмысын бастаған «Кеген ауданының жастар ресурстық орталығы» аудандағы жастар саясаты мәселелерін жүзеге асырумен айналысып келеді. Бүгінде аудан халқының үштен бірін жастар құрайды. Яғни таулы өңірдегі 14 пен 35 жас аралығындағы он мыңға таяу жастың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосар өзіндік үлесі аз емес.
Энергетика • 27 Ақпан, 2024
Су электр стансасы іске қосылды
Райымбек ауданында «Орта Қақпақ» су электр стансасы пайдалануға берілді. Оның номиналдық қуаттылығы – 2,2 МВт. Құрылысы 2021 жылы басталған жобаның жалпы құны – 1,5 млрд теңге. Бұл Алматы облысының таулы ауданындағы құны 1 млрд теңгеден асатын ең ірі инвестициялық жоба саналады.
Спорт • 26 Ақпан, 2024
Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футболдандан «amanat cup» чемпионаты өтті. Турнирге қатысқан 10 команда өзара бақ сынасты. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «amanat» партиясының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылды.
Қоғам • 25 Ақпан, 2024
«Amanat» партиясының мобильді қабылдау тобының ауылдарға сапары жалғасып жатыр. Мобильді топ мүшелері жуырда Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайназар мен Қаракемер ауылдарында болып, елдегі ағайынның мұң-мұқтажын, ұсыныс-пікірін тыңдады.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Ақпанның ақ түтек бораны ауа райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жолаушылар мен құтқарушыларды әбігерге салды. Аспантау еліндегі Қақпақ ауылдық округіне қарасты туристік базаға келе жатқан 5 көлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктерде барлығы 18 саяхатшы болған.
Тағзым • 22 Ақпан, 2024
Тәңіртаудан түлеп ұшқан ірі тұлға, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл толуына орай туған жерінің төсінде игі шара бастау алды. Аудан орталығы Нарынқол ауылындағы Баққожа Мұқай атындағы Мәдениет үйінде жазушының мерейтойына арналған салтанатты шараға жиылған қауымның қарасы қалың болды. Бұл – бала Қожаның боямасыз бейнесін қалдырған қабырғалы қаламгерге деген құрметтің көрінісі болса керек.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2024
Мектеп пен университет байланысы
Жуырда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы А.Жексембеков атындағы орта мектепте «Тұлғаға тағзым –тәуелсіздік тартуы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің кеңесшісі Жауынбай Қараев, Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ержан Жиренбай, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков қатысты.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Алматы облысындағы колледждерге тиесілі жатақханалардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді. Бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттердің ескірген көрпе-жастық жастанып жатқаны жанға батады.