Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
260 материал табылды

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023

Қауіпсіздік құрылғысы орнатылды

Алматы облысындағы білім мекемелерінде қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі 10 колледж бен 96 мектепке «FACE ID» ақпараттық жүйе­сі орнатылды. Бұл туралы облыстық білім басқар­масының баспасөз қызметі хабардар етті.

Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2023

Ат жалындағы айқас

Жал-құйрығы таралған сәйгүлікті баптаумен қа­тар, оның құлағында ой­науға құмар жастар қа­тары жылдан-жылға көбейіп келеді. Талғар ауданындағы «Байсерке Агро» холдингінің «Қо­быланды» атшабарында жастар арасында өткен облыстық чемпионат осы пікіріміздің дәлелі дер едік.

Қоғам • 24 Қараша, 2023

Батылдық танытқан оқушы

Күні кеше Іле ауданында жолаушылар мін­ген қоғамдық көлік жүргізу­шісінің жүрек талмасы ұстап қалып, оқыс оқиға орын алған еді.

Қоғам • 22 Қараша, 2023

Озаттар топ жарды

Жуырда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Жас ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігінің «Жетісу ділмарлары пікірсайыс қозғалысы жобасы аясында» Жетісу облысы білім басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Жаңа Қазақстанның болашағы – зерделі ұрпақ» атты республикалық пікірсайыс турнирінде бақ сынаған Алматы облысының пікір сайысшылары 3 лигада да жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрме • 22 Қараша, 2023

Қамкөңіл балаларға қамқорлық

Ұзынағаш ауылында орналасқан «Қамқорлық оңалту» орталығына еліміздің әр түкпірінен денсаулығында кінәраты бар балалар келіп, ем-шара қабылдайды. Олардың әрбірімен жеке-дара және топтар бойынша мамандар оңалту жұмыстарын жүргізеді. Емделуші балалардың таным көкжиегін кеңейтіп, көңілін серпілтуді мақсат еткен Сүйінбай Аронұлы әдеби-мемориалды му­зейінің қызметкерлері жуырда көшпелі көрме ұйымдастырды. Онда ем­делуші балалар ақиық ақын Сүйінбай аталарының мол мұраларымен танысты.

Аймақтар • 21 Қараша, 2023

Жолаушылар қауіпсіздігі – басты назарда

Қонаев қаласында халық саны көбейіп, қалааралық қарым-қатынас та жиілей түскен. Соған сәйкес облыс орталығында 10 бағытта 23 автобус жолаушылар тасымалымен айналысады. Жол жүру ақысы бүгінгі күнге 80 теңге, ал оқушылар мен студенттерге жеңілдік ретінде жарты бағасы, яғни 40 теңге болып бекітілген.

Аймақтар • 02 Қараша, 2023

Мектеп құрылысы тұралап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралап өңірде 5 айдан бері жұмысы тоқтап тұрған мектеп барын анықтады. Бұл туралы «Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шаруашылық • 31 Қазан, 2023

Ысырапсыз ырыс

«Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деген даналыққа ден қойған Балқаш ауданының диқандары ерте көктемде 7 000 гектар суармалы жерге күріш дақылын сепкен еді. Ақ күрішті ала жаздай күтіп-баптап, оның өніп-өсуіне күш салған аудан шаруалары осы күні орақты аяқтауға жақын. Бүгінде аталған егіс көлемінің 5 454 гектары шабылып, оның 3 846 гектары бастырылды.

Аймақтар • 31 Қазан, 2023

Болашақ чемпиондарды баулитын кешен

Шекаралы аймақ – Райымбек ауда­нының Сүмбе ауылының жас­тарын шат-шадыман еткен айту­лы­ жаңалық – заманауи спорт ке­ше­­нінің пайдалануға берілуі. Ауыл­дың ажарын ашып, тұрғындар көңі­лін көпсіткен еңселі ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр.

Өндіріс • 30 Қазан, 2023

Сүт импортына тәуелділікті төмендетеді

Еліміздің агроөнеркәсіптік ке­ше­нін дамыту жөніндегі Пре­зи­дент тапсырмасына сәйкес Ауыл­ шаруашылығы министрлігінің бас­тамасымен оңтүстіктегі облыс­тар­дың сүт өндірушілеріне ар­нал­ған «Консалтинг және оқыту ор­талығы» ашылды. Жоба сүт өн­­діру саласындағы Қазақстан-Германия KFM бағдарламасының екін­ші кезеңі аясында жүзеге асырылуда.