Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
258 материал табылды

Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2024

Қошмамбеттегі қуаныш

Бірінші қыркүйекте Ал­маты облысында білім беру­ді жақсартуға ба­ғыт­­талған жоба аясын­да 3200 оқушыға арнал­ған 3 жаңа мектеп пен бір қосымша ғима­рат салтанатты түрде ашылды.

Туризм • 29 Тамыз, 2024

Кегенді көпшілікке танытатын фотосапар

Кереге таулы Кеген ауданының тау-тасы мен сай-саласы тарихи шежіреге тұнып тұр. Таулы өңірдің табиғатының әдемілігін, сұлулығын сөзбен кес­телеп жеткізу әсте мүмкін емес шығар. Тұмса табиғаттың көркемдігін қаз-қалпында түсіріп, танымалдылығын арттыруда осы күнгі кәсіби фотографтардың шеберлігіне шек келтіре алмасымыз анық.

Шаруашылық • 28 Тамыз, 2024

Еселі еңбектің нәтижесі

Ерте көктемнен кетпен-күрегін алып, егін еккен аудан диқандарының ала жаздай төккен тері өтеліп, қарқынды еңбектің нәтижесінде Алматы облысы Балқаш ауданында арпа-бидай ору жұмысы өз мерзімінде толық аяқталды.

Білім • 27 Тамыз, 2024

Саяси ұйымның қолдауы

Алматы облысында «Amanat» партиясының өкілдері бір апта­да 16 млн теңгеге оқушы­лар­ды мектепке даяр­лады. «Баланы мектеп­ке дайындайық!» респуб­ликалық акциясы аясында саяси ұйым мү­­шелері 350-ге жуық ба­ла­­ны мектепке қажетті құ­рал-жабдықпен, мек­­теп формасымен ­қам­та­масыз етті.

Қоғам • 27 Тамыз, 2024

Жапониядан бастау алған жобаның берері мол

Жетпісінші жылдары Жапонияда бастау алған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы біздің елімізге де дендеп еніп, қарапайым ауыл тұрғындарының кәсібін кеңейтіп, танымалдылығын арттыруға оң ықпал етіп жатыр. Жоба жетекшісі Гүлнара Сейітжаппарованың айтуынша, әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асып отырған бұл жобаны екі жылдан бері Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.

Өндіріс • 27 Тамыз, 2024

Сүт тағамын шығаратын бірегей зауыт

Алатаудың етегіндегі Шымбұлақ ауылында орналасқан Қазақ тағамтану академиясына қарасты «Амиран» сүт зауытының жұмыс істеп келе жатқанына 15 жылға жуықтады. Алты айлық сәбиден бастап, егде жастағы тұтынушыларға арнап сүт өнімдерін шығаратын өндіріс ошағының жұмысы мажар технологиясына негізделген. Осы уақыт аралығында «Амиран» сүт зауытының өнімдеріне сұраныс артпаса, кеміген емес. Басты себебі – өнімдерінің еш қоспасыз әзірленетін табиғи тазалығында.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2024

Ауызсу жүйесі жаңартылады

Бұрын аудан орталығы болған Шелек ауылы халқының саны 35 мыңға жуықтаған. Былтыр қазан айынан бері 124 шақырым орталықтандырылған абоненттік су құбырларын қосқанда, барлығы 270 шақырымды құрайтын ауызсу жүйесін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айбын • 22 Тамыз, 2024

Шарқұдықтағы шекара бекеті

Шекарашы күні мерекесінде ҰҚК Шекара қыз­меті Алматы облысы бойынша де­пар­та­ментінің учаскесінде су жаңа шекара бекеті ашылды.

Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Мердігерлер істі мандытпай тұр

Өнер өлкесі саналатын Кеген ауданынан талай саңлақ түлеп ұшты. Өңірдің мәдениет саласын өркендетуде өзіндік қолтаңбасы қалған өнер майталмандарын санамаласақ, саусақ жетпесі анық. Көш басынан көрінетін Кеген халық театры 1968 жылы құрылып, содан бері М.Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын қойып, «халық театры» атағын алған, республикалық, халықаралық байқауларда талай мәрте топ жарған. Мәдениеттен мән кеткен сонау қиын-қыстау шақта штат санын сақтап қалған театр ұжымында осы күні 15 адам қызмет етеді. Оған қоса «Ереуіл» фольклорлық ансамблінің де шығармашалық шыңы биік.

Жәдігер • 22 Тамыз, 2024

Қорымнан табылған жәдігерлер

Кең байтақ жеріміздегі қорымдардың қойнауы көнеден қалған тарихи жәдігерлерден кенде емес. Бұған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың археологиялық экспедициясы Алматы облысының Кеген ауданы, Ұзынбұлақ ауылы маңында далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде тағы да көз жеткіздік. Жоба Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ қолдауымен қолға алынған.