Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
323 материал табылды

Спорт • 15 Мамыр, 2023

«Алатау арланы» анықталды

Алматы облысында жауырыны жерге тимеген балуандар белдесуі өтті. «Алатау арланы» деп аталған бұл додада «Қазақстан барысы» атағы үшін белдесетін республикалық турнирге жолдама сарапқа салынды.

Аймақтар • 14 Мамыр, 2023

Сүмбенің сәні кірді

Шекаралық аймақтағы Сүмбе ауылының тұрғындары үшін жақында жағымды жаңалық болды. Ол – ауылдың сән-салта­натын асырып, рухани ошағына айналатын мәдениет үйінің пай­далануға берілуі еді.

Медицина • 10 Мамыр, 2023

Енді ести алады

Дүниеде көрмеу, естімеуден асқан қорлық жоқ шығар. Өкінішке қарай, саңырау жандардың қатары өспесе кемімей отыр. Бүгінде Алматы облысында есту қабілетінен айырылған мыңнан аса науқас есепте тұрады.

Отбасы • 10 Мамыр, 2023

Жәбір көргендерге – жан жылуы

Жуырда Алматы облысын­да тұрмыстық зорлық-зом­былықтан зәбір көріп, жапа шеккен әйелдер үшін 50 орындық әлеуметтік көмек көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Орта­лықтың ашылуына өңірде әйелдерге қатысты қылмыс­тық оқиғалардың жиілеуі себеп болып отыр.

Тұлға • 08 Мамыр, 2023

Ғасырмен құрдас қария

Алматы облысында тұратын 10 соғыс ардагеріне Жеңістің 78 жылдығын көзбен көру бақыты бұйырыпты. Сұрапыл соғыс жылдарының куәгерлеріне 1,5 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілмек.

Ұлттық спорт • 03 Мамыр, 2023

Жүйріктер жүйткіген күн

Қазақстан халқының бірлігі мен тірлігін, ынтымағын паш ететін мерейлі мереке күні Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы, Алматы облысының әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Панфилов ауылдық округіндегі Қобыланды батыр атындағы ипподромда ұшқыр бәйгеден «Qazaq World Cup» турнирі өтті. Оған көршілес қырғыз ағайындардың жокейлері қатысты. Қырықтан астам тұяғымен жер тарпыған тұлпардың бабы мен бағы сыналған бұл ұшқыр бәйге елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды.

Ауыл • 02 Мамыр, 2023

Қора қозыға толды

Мал шаруашылы­ғын кәсіпке айналдыр­ған Ке­ген ауданын­да 54 334 ірі қара, ­30 549 бас жылқы бар. Аталған аудан­дағы шаруа қо­жа­лық­тар саны – 1 501 болса, оның алтауы асылтұқымды ша­­руа­шылық санатын­да. Атап айтсақ, «Каз мясо» ЖШС-і 4 200 бас абердин ангус, «Көлсай құ­рылыс» ЖШС-і «Әулие­көл» аталатын асыл­тұқымды ірі қара өсіруде.

Энергетика • 01 Мамыр, 2023

Негізгі бағыт – заманауи энергетика

Алматы облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Онда өңірдегі аталған қор жобаларын іске асырудың келелі мәселелері талқыланды.

Қоғам • 30 Сәуір, 2023

Тау баласының талабы

Табиғаты талайды тамсантқан таулы өлкенің төсін ат тұяғымен дүбірлетіп, көкпардың көрігін қыздырып жүрген бозбаланы ауылдастары түгелге дерлік Никоша деп атайды. Бала күнінен аттың жалына жармасып, тақымына түскен тай-құлынның құлағында ойнауға әуестігі оны ортасынан ерекшелеп, танымалдылығын арттырды. Бүгінде атқұмар Никоша көк серкені тақымға басып, көмбеге тастайтын ұлттық ойын – көкпар тартудың хас шебері.

Үкімет • 27 Сәуір, 2023

Өзгерістердің жаңа кезеңі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады.