Қоғам • 10 Мамыр, 2023
Жеңіс күніне орай, Қорғаныс министрлігі өңірлік гарнизондарының әскери қызметшілері көзі тірі соғыс ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Егемен Қазақстан • 10 Мамыр, 2023
Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынысы бойынша «Kaspi bank» пен Қазпошта газет-журналдарға онлайн жазылу тетігін іске қосты. Енді оқырмандарымыз үйден шықпай-ақ «Kaspi.kz» және «Post.kz» қосымшалары мен «Post.kz» сайты арқылы өздерінің қалаған басылымына жазыла алады.
Қоғам • 10 Мамыр, 2023
Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін ішкі істер органдарында ішкі жүйелікті қайта құру туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Мереке • 06 Мамыр, 2023
Қазақ әскері және қазіргі әлем
«Ер – елдің ық жағындағы қаласы, жел жағындағы панасы». Атам қазақ бұл нақылды қай заманда айтса да, қалт айтпағанына көз жеткізіп келеміз. Мемлекетаралық шиеленістер барған сайын күрделеніп, әлемнің әр бұрышында соғыс өрті тұтанып жатыр. Бұл бізден бүгінгі геосаяси ахуалға жіті көз салып, кез келген қатерге дайын болу керектігін талап етеді. «Іргесі берік елді жау алмайтынын, ауызы бір елді дау алмайтынын» тағы бір еске салады.
Әскер • 06 Мамыр, 2023
Қорғаныс министрлігі Отан қорғаушы күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап «Қарулы Күштердің құрылғанына 31 жыл: Қуатты әскер – елдің сенімді қорғаны» атты баспасөз турын ұйымдастырды.
Саясат • 05 Мамыр, 2023
Визасыз режім елімізге не береді?
Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін өзара 30 күнге дейін визасыз кіру режімі енгізілетіні туралы жаңалық жарияланды. Сыртқы істер министрлігі әзірлеген қаулыға сәйкес екі ел азаматтары төлқұжат арқылы саяхаттау, емделу, іскерлік кездесулер өткізу үшін көрші мемлекетке 30 күнге дейін визасыз кіре алмақ. Бұл құжат әлі күшіне енбегенін айта кету керек.
Тарих • 04 Мамыр, 2023
Елге аман жеткізген екі ауыз сөз
Ес білген шақтан Жеңіс күні жақындағанда үлкендердің «Елге жете алмай қалған қайран боздақтар-ай, қай топырақта қалдыңдар екен?», деп қанды соғыс құрбандарын еске алып отыратынын естуші едік. Сол сұрапыл от жылдар талай жанның өмірін қиды, талайы із-түзсіз жоғалды. Енді бірі қол-аяғын беріп, мүгедек болып елге оралды. Біздің бүгінгі әңгімеміз – соғыста ауыр жараланып, қасиетті екі сөздің арқасында туған жерге аман жеткен майдангер туралы хикая.
Мереке • 01 Мамыр, 2023
1 мамыр – халқымыз үшін маңызы мен мәні тұрғысынан ең басты мерекелердің бірі. Өйткені қоғам өміріндегі кез келген істің берекелі де баянды болуы ауызбіршілік пен ынтымаққа келіп тіреледі. Онсыз жасампаздық та, өнер де, мәдениет те, тіл де, дін де өміршең болмас еді. Тіпті ынтымақ пен келісімсіз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігімізді де, Отанымыздың келешегін де баянды қыла алмас едік. Біз осы бақытымыз бен құндылықтарымыздың барлығына бас қосқан бірлігіміз бен тізе қосқан тірлігіміздің арқасында жеттік.
Форум • 01 Мамыр, 2023
«Qazaq Forum»: жаңа медиа мүмкіндігі
Елордада қазақ тілінде онлайн контент жасаушылардың VІ форумы өтті. Жылдағы дәстүрге сай танымал блогерлер мен медиа саласы мамандарының басын қосқан алқалы жиынға биыл «Жасанды интеллект дәуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбы арқау болды.
Халық • 01 Мамыр, 2023
Еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артуы, дүние жұртшылығын аузына қаратқан саңлақ таланттарымыздың көптеп шығуы шетел азаматтарының назарын Қазақстанға және қазақ тіліне аударып отыр. Оның бір дәлелі – бүгінде ана тілімізді үйренгісі келетін шетелдіктердің саны көбеюі. Солардың бірі – жапон қызы Мисаки Эбина «Қазақ тілін 7 айдың ішінде үйреніп алдым», дейді. Біз оған арнайы хабарласып, өзі туралы және қазақ тіліне қызығушылығы қалай басталғаны жайында білген едік.