Қоғам • 04 Қазан, 2024
Асқаралы тауды, құзар шыңдарды аңсау адамзат баласының биікке деген ғашықтығынан туындаған. Адам аяғы баспаған құзар шыңға табан тіреу – алынбас қамалды бағындырғанмен бірдей. Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Дмитрий Казанцев те жастайынан тауға құмар болып өскен. Ол бір кездері еліміздің ең биік нүктесі Хан Тәңірі шыңына өрмелеп шығып, өзінің бала кезгі арманына жеткен.
Құқық • 03 Қазан, 2024
Онлайн соттың да оңтайлы тұсы бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі. Цифрландыру – сәнге айналған үдеріске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы» деген еді. Қоғамның барлық саласына дендеп енген бұл заманауи үдерістен қазіргі таңда сот жүйесі де тысқары емес.
Әлем • 01 Қазан, 2024
Аустрияның парламент сайлауына байқаушы болды
Аустрияда өткен парламент сайлауына алғаш рет еліміздің өкілі, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров байқаушы ретінде қатысып, еуропалық сайлау үлгісін көріп қайтты.
Дін • 01 Қазан, 2024
Қазақ елі конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогті, толеранттық пен зайырлылық қағидаттарын ілгерілетудегі жетістігімен көпке үлгі. Ата заңымыз бойынша кім қандай дінге сенемін десе өз еркі, сондай-ақ дін ұстануға толық еркіндік берілген.
Дін • 28 Қыркүйек, 2024
Наурызбай қажы Тағанұлы: Татулықтың басты тірегі – діни толеранттылық
Конфессияаралық келісім мен дінаралық достық – Қазақ елін әлемге әйгілеп тұрған басты рухани ұстаным. Елімізді мекендеген түрлі этнос пен дін өкілдері өзара достық пен сыйластықта өмір сүріп жатыр. Бұған елімізде 2003 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің де ықпалы зор. Осы орайда біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын әңгімеге тартып, еліміздегі бейбітшіліктің басты тірегі мен оған дін өкілдерінің қосып жатқан үлесі туралы ойын білген едік.
Форум • 28 Қыркүйек, 2024
Баспасөз хатшылары – ақпарат кеңістігінің алғы шебінде
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Astana Media Week-2024 медиа апталығының үшінші күнінде негізінен баспасөз қызметін жетілдіру бағыты талқыланды. Елімізге танымал медиа саласы мамандарының қатысуымен өткен кездесулерде құнды ойлар айтылып, пайдалы кеңестер берілді.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Елордамызда үш күн қатарынан жалғасқан Astana Media Week-2024 апталығы жылдағы дәстүрге сай «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарына марапат тапсыру салтанатымен аяқталды. Биыл байқауға 400-ден аса өтінім келіп түсіп, солардың ішінен 12 аталым бойынша оза шапқан медиа саласы мамандары мен ұжымдар белгілі болды.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2024
Тізгінсіз Telegram: Желінің жаңа ережесі қылмысты жоюға көмектесе ме?
Қолданушылардың құқығын қорғау деген желеумен әлемдегі ең «жабық» желіге айналған Telegram мессенджері өзінің құпиялылық саясатын өзгертетін болды. Бұдан былай билік тарапынан тиісті сұратулар болған жағдайда заңға қайшы әрекет жасаған, қосымшаны қолдану ережелерін бұзған арналар мен боттардың IP-мекенжайлары, сондай-ақ телефон нөмірлері құқық қорғау органдарына берілмек. Бұл туралы 23 қыркүйекте цифрлық платформаның негізін қалаушы Павел Дуров мәлімдеді.
Айбын • 26 Қыркүйек, 2024
«Күрең берет» – біліктілік сынағы
Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің атыс алаңында «Күрең беретке» үміткерлердің біліктілік сынағы өтті. Оған еліміздің әр аймағынан арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілері қатысты.
Әскер • 26 Қыркүйек, 2024
Әскерге барып, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу – әр азаматтың өміріндегі маңызды кезеңнің бірі. Темірдей тәртіпке бағынып, жауынгерлік міндеттерді орындауға арналатын бір жылдық мерзім оның әскери дағдыларын дамытып қана қоймай, мінез-құлқы мен өмірлік көзқарасына да едәуір ықпал етеді.