Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
552 материал табылды

Саясат • 25 Қыркүйек, 2024

АЭС игілігін барша жұрт көреді

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының жұмысы кеше Павлодар облысында жалғасты. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері Ақсу, Павлодар қалаларында болып, энергетикалық корпорацияның ұжымымен, сондай-ақ металлургия саласында еңбек ететін мамандармен кездесті. Штаб мүшелері сарапшылар қауымдастығымен және белсенді жастармен де жүздесті. Іс-шаралар барысында АЭС салу мәселесіне қатысты референдумның маңызы мен мәні талқыланды.

Мәселе • 24 Қыркүйек, 2024

Әскердегі әлімжеттіктің әуресі

Әскери қызметшілер арасында түсініксіз жағдайдағы өлім-жітім мен жарақат алу оқиғаларының көбеюінен кейін қоғамда әскер саласындағы әлім­жеттік тақырыбы желдей есіп тұр. Көптің талқысына түскен мәселеге жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында арнайы тоқталып, қауіпсіздік пен тәртіпті нығайту қажеттігін айтты. Ол Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жастардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін еске сала келе: «Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады», деді.

Пікір • 21 Қыркүйек, 2024

«Шала қазақ» тілінің жанашыры

Бірде уикипедиядан қазақ халқы туралы мақаланы оқып отырып, бір қызық­­ты «дерекке» кезіктім. «Сөйлейтін тілі» деген бағанға «қазақ, орыс, шала қазақ тілдері» деп жазып қойыпты. Оқы­дым да қайран қалдым. Қазақтың бір бөлігі орысша шүлдірлейтіні рас. Оған дау айта алмайсың. Енді «шала қазақ тілі» қайдан шық­қан деген сұрақ санамда тұр­ды да қой­ды.

Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2024

Идил Салиха: Жол жақсарса, туристер көптеп келері сөзсіз

Дүйім елді дүбірге бөлеген V Дүние­жү­зілік көшпелілер ойындары да өз мә­ресіне жетті. Мемлекетіміздің мерейін асырған жаһандық жарысқа әлемнің танымал блогерлері ат басын бұрғаны белгілі. Соның ішінде өздерінің «дөңгелекті үйі» – авто­буспен ата­жұртына қарай арнайы сапарға шық­қан түрік отбасы көптің назарын аударды. Біз ойындар біткен күні Идил Салихаға арнайы жолығып, шағын сұхбат жасаған едік.

Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024

Жаңашылдық жол апатынан сақтандырады

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, сенаторлар көлік қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024

Жалған куәлік жарға жығады

Жол-көлік апаттары күн өткен сайын елдегі ең өзекті мәселенің біріне айналып барады. Мамандардың мәліметінше, олардың тең жартысы кісі өлімімен аяқталады. Елімізде күніне 10 адам жол-көлік апатынан қайтыс болып, он үйде жаназа шығарылады. Ал жарақат алатындар саны одан да көп. Қайтыс болғандар мен мертіккендердің арасында тұтас отбасылар да бар. Халықты алаңдатқан мұндай күрделі жағдайдың туындауына себепші фактордың бірі де бірегейі – автомектепте арнайы оқымаған, даярлықтан өтпеген, көлік жүргізу тәжірибесі жоқ, сәйкесінше жүргізуші куәлігін сатып алғандардың темір тұлпарды тізгіндеуі.

Алматы • 19 Қыркүйек, 2024

Халық штабының Алматы жұртшылығымен кездесуі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүшелері Алматы қаласында ғалымдармен, ЖОО оқытушыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесті. Штаб құрамында депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері бар. Кездесулерде АЭС салуға қатысты референдум аясындағы мәселелер талқыланды.

Дін • 19 Қыркүйек, 2024

Керекудегі Құран жарысы

Кереку қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауы өтті.

Энергетика • 18 Қыркүйек, 2024

Энергетикадағы инновациялық өркендеу

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының мүше­лері кеше Алматы облы­сына барды. Штаб құ­ра­мында депутаттар, сарапшылар, қоғам қай­раткерлері бар. Олар өңірде кәсіпорын ұжым­дарымен, кәсіп­керлер­мен және жергілікті жұр­т­шылықпен кездесіп, елі­мізде АЭС салуға қатыс­ты референдум өт­кізу мә­селелерін талқылады.

Спорт • 17 Қыркүйек, 2024

Спорттық бағдарламалау сыни пікірді дамытады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақ­стан спорттық бағдар­ламалау федера­циясы­ның ұйытқы болуымен Астанада өтіп жатқан 48-інші International Collegiate Programming Contest (ICPC) әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.