
Шаруашылық • 05 Қараша, 2024
Тиянақты шаруаға – ұтымды несие
Айдос Исмаил 2018 жылдан бері «Исмаил А.Б.» жеке шаруашылығының жұмысын дөңгелетіп келеді. Мал шаруашылығымен айналысуды мұрат тұтқан еді, үміті алдамады. Асыл тұқым сиыр өсіруді қолға алды. Қостанай өңіріне арнайы сапарлап барып, Қаракеңгірдегі шаруашылығына ақбас сиырлар сатып әкелді. Бұған қоса жылқы өсіруді де ойластырды.
Аймақтар • 24 Қазан, 2024
Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионы осыдан 60 жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Облыс орталығындағы бұл нысанды жаңартып, әлемдік стандартқа сәйкестендіру жұмыстары Республика күні қарсаңында аяқталып, көпшіліктің көзқуанышына айналды.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Республика күні қарсаңында Қаражал қаласындағы 10 отбасы пәтер кілтіне ие болды.
Аймақтар • 23 Қазан, 2024
Тұлға есімі гимназияға қалай берілді?
Сәтбаев қаласындағы С.Сейфуллин атындағы гимназияға биыл 30 жыл толды. Экономикалық қиыншылыққа қарамастан, 1993 жылы сол кездегі қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі Әлия Сәденова шаһар әкіміне қалада гимназия ашу туралы ұсыныспен шығады. Бұл ұсыныс қолдау тауып, №19 мектептің қосымша ғимараты ретінде салынып жатқан нысанды гимназияға беру туралы ұйғарым жасалады да, сол кездегі «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі құрылысты жедел аяқтауға кірісіп кетеді. Сөйтіп, 1994 жылы Әлия Кәмешқызы гимназия директоры болып тағайындалды. Сол жылы 1 қыркүйекте гимназия ресми түрде жұмысын бастады.
Аймақтар • 18 Қазан, 2024
Ұлытау облысында «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының жеңімпаздары анықталды. Бренд комитеті комиссиясының мүшелері финалға өткен ондықтың ішінен үш үздікті таңдады. Кезінде Жапон елінде ойлап табылған бұл жоба кейінгі жылдары елімізде де қанатын кеңге жайып келеді. Өңірлерді дамыту, әсіресе, ауылды жерлердегі кәсіп көзін көбейту мақсатын көздейтін жобаның облыс экономикасын көтеруге тигізетін үлесі де артып келе жатқаны байқалады. Өйткені облыста жыл сайын бағдарлама бойынша өтетін байқауға қатысушылар қатары көбейе түсті. Бренд комитеті таңдау жасаған облыстағы үш үздік шыққан кімдер?
Қоғам • 10 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында тұтынушы құқын қорғауға арнайы көңіл бөліп, Үкіметке, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ішкі нарық пен отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеуді тапсырған болатын.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Референдумға Ұлытау облысы аумақтық комиссиясы тыңғылықты дайындала білді. Соның нәтижесінде облыс бойынша құрылған 6 аумақтық, 132 учаскелік комиссия өздеріне жүктелген ұйымдастыру міндетін абыроймен атқарды. Облыс қалаларындағы 21 учаскеде дауыс берушілер тізімін тексеретін онлайн-сервистер, ал 6 учаскеде азаматтарды тіркеуге сервистер орнатылды. Облыс бойынша тізімге 138 612 адам енгізілді.
Ұстаз • 07 Қазан, 2024
«Бұл әулеттегі мұғалімдер шетінен физик, математик,арасында қазақ тілі мен әдебиетін таңдағандары да бар» деп сырттан сипаттамасын естіген әулеттің өкілі Шайзат Тілеуованың ұстаздық өтіліне биыл 37 жыл толыпты. 1987 жылы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт Ата атындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдаған жас маман туған ауылы Қоскөлге қайта оралған еді. Содан бері ешқайда табан аудармастан осындағы №11 мектепте еңбек етіп келеді.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Ең қарт тұрғын да қалыс қалмады
Еліміздегі жасы ең үлкен кейуана Түймегүл Темірбаева облыстың Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар ауылында тұрады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Сәтбаев қаласындағы №292 референдум учаскесі Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер Сарайында орналасқан. Мұнда қалалық «Ақ әжелер» ансамблі бар. Ансамблдің бірнеше мүшесі осы учаскеге тіркелген екен. Олар өзара ақылдасып, референдумға ерекше салтанатпен баруды ұйғарыпты.