
Театр • 25 Сәуір, 2025
Кішкентай көрерменге сахналық сый
Ұлттық кітап күні қарсаңында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры жас көрерменге ерекше сый тартты. Әлемге әйгілі неміс жазушысы Отфрид Пройслердің балалар әдебиетіндегі жауһары саналатын «Кішкентай сиқыршы» повесінің желісімен сахналанған «Орман ғажайыптары» атты жаңа қойылымның премьерасын ұсынды.
Көрме • 24 Сәуір, 2025
Еуразия кітап жәрмеңкесі басталды
Ел астанасында дәстүрге айналған «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIIІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Биыл аталған іс-шара Ұлттық кітап күні қарсаңында өтіп отыр.
Кино • 24 Сәуір, 2025
Елорда төрінде Тимур Дулатовтың «90+1» кинокартинасының жабық көрсетілімі өтті. Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «SBA Enterprise» кинокомпаниясы түсірген.
Кітапхана • 23 Сәуір, 2025
Жақсыны – көрмекке. Жуырда ғана елорда іргесіндегі Қосшы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған көпфункциялы комьюнити-орталық жанындағы зәулім кітапхананың суреттері әлеуметтік желіде кең таралып, қызықтырғаны рас. Биыл алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күні қарсаңында заманауи кітапханаға арнайы барып қайттық.
Қоғам • 23 Сәуір, 2025
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: баспа ісі, медиа және дизайн» атты І халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады.
Мәдениет • 22 Сәуір, 2025
Еревандағы еліміздің мәдени күндері
Армения Республикасында өткен Қазақстанның мәдени күндері аясында Арам Хачатурян атындағы концерт залында отандық өнерпаздардың гала-концерті өтті. Ауқымды мәдени іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереван қаласына жасаған ресми сапары барысында Мемлекет басшылары арасындағы келісімдер нәтижесінде ұйымдастырылды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2025
Ұлттық кітап күні: ой мен орам
Рухани, мәдени иммунитеті мықты елдің іргесі де берік, сапасы да жақсы болары сөзсіз. Оқитын ұлт қалыптастыру жолында Мемлекет басшысы да бірқатар бастама көтеріп, тікелей назарында ұстап отыр. Үшінші Ұлттық құрылтайда барша халықты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырғаны да есте.
Өнер • 18 Сәуір, 2025
Ұлттық өнер, ұлттық нақыш, ұлттық бояу – сандаған жыл өтсе де әр халықтың табиғатымен бірге жасайтын құндылықтар. Әсіресе бүгінгідей жаһанданған қоғамда тарихтан тамыр тартатын ұлттық белгілер де заманға сай жаңаша түрленіп, жаңаша қалыпқа еніп келеді. Тіпті ұлттық нақыштағы дүниелер қазір сәнге айналды десек болады.
Театр • 18 Сәуір, 2025
Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры ұжымы ел астанасына гастрольдік сапармен келіп, «Ұждан» спектаклін ұсынды.
Көрме • 17 Сәуір, 2025
Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде белгілі қолөнер шебері, суретші Тұрбай Мұратбектің «Сағыныштың түсі» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда 40-тан астам инемен кестеленген жұмыс ұсынылды.