Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
738 материал табылды

Әдебиет • 19 Қыркүйек, 2019

Хэм ағай: шеберлік һәм шыңырау

1959 жыл. Мәскеу. Хемин­гуэйдің «қара екітомдығы» жарық көріп, дүн-дүниеде әдеби пейзажды өзгерткен «жер сілкінісі» болды. Ресей жұрты үшін Америка мен Хемингуэй егіз ұғымға айналып, кітапсүйер елдің бәрі жапа-тармағай Хэм ағайдың суретін қабырғаларына іліп жатты. Тоқылған жемпір киіп, сақал өсірді. Әдеби ортада еліктеу селі қатты жүрді. Жас романтиктер «ұлы Хэм ағайша» өмір сүруді қалады. Алайда әдебиеттанушы Ра­фат Әбдіғұловтың сөзімен айтсақ, «Хемингуэйге елікте­ген­дердің бәрі Хемингуэйше жаз­ғысы келді. Бірақ еш­қай­сысы Хемингуэй бола алмады». «Әдебиетке алғаш аяқ басқаннан көпшілікті таң- ғалдырған Эрнест Хемингуэй жазуда қандай ерекшелігімен назарға ілікті? Хемингуэй творчествосының қазақ әдебиетіне әсері болды ма?» Осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап, әдебиеттің өз адамдарынан сөз сұрап көрдік.

Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2019

Адамзаттың алып ақыны

Биыл адамзаттың алып ақыны, неміс халқының ұлы перзенті, Энгельсше айтсақ, «Кейде орасан зор ұлы ақын, кейде жұпыны, кейде дүниеге пысқырмайтын, бас имейтін тәкаппар данышпан, кейде сақ, баршаға разы» Иоганн Вольфганг фон Гётенің туғанына 270 жыл толды. «Мені патшалықтар мен тақтардың ойрандалуы емес, қарапайым шаруаның құжырасы өртенгені қынжылтады», деп күңіренетін неміс баласының туған күнін қазақ елі де елеусіз қалдырған жоқ.

Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2019

61 қаламгердің шығармалары БҰҰ-ның алты тіліне аударылады - Президент

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өз жұмысын бастады. Әдеби форумның Пленарлық отырысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашты.

Руханият • 03 Қыркүйек, 2019

Азия қаламгерлерінің алқалы жиыны өтті

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында 4-6 қыркүйек  күндері ел астанасында өтетін Азия елдері қаламгерлерінің І форумына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Руханият • 02 Қыркүйек, 2019

«Жәлел жұлдыздары» анықталды

Жақында Ұлттық академиялық кітапханада татар ақыны Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған «Жәлел жұл­­дызы» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары мара­пат­талды.

Әдебиет • 28 Тамыз, 2019

Азия қаламгерлері Арқада бас қосады

Қазақстан Жазушылар ода­ғының, Пре­зидент Әкім­шілігі, сондай-ақ Мә­дениет және спорт ми­нистрлігінің ұйым­дастыруымен 2019 жылдың 4-6 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Азия елдері қалам­герлерінің І форумы өт­еді.

Әдебиет • 27 Тамыз, 2019

«Жәлел жұлдыздары» анықталды

Ұлттық академиялық кітапханада татар ақыны Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған «Жәлел жұлдызы» халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Руханият • 26 Тамыз, 2019

Абай өлеңдеріне 130 жыл

Хакім Абайдың қазіргі күнтізбеге сәйкес, яғни 23 тамыз – туған күні  қарсаңында Ұлттық академиялық кітапхана Абай поэзиясының 130 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.  

Аймақтар • 26 Тамыз, 2019

«KITAP FEST 2019» тұңғыш рет елордада өтті

25 тамыз күні ел астанасындағы Арбатта оқырман мен авторлардың, баспагерлердің басын қосқан «KITAP FEST 2019» кітап фестивалі өтті.

Әдебиет • 15 Тамыз, 2019

Муракамидің тағы бір «муракамишіл адамы»

Харуки Муракамидің «Командордың өлтірілуі» атты жаңа кітабы орыс тілінде жарық көрді – ол «Ұлы Гэтсби» мен «Алиса ертегілер елінденің» сарынымен жазылған меланхолиялық детектив. Бұл қаламгердің әрқайсысы 400 беттен тұратын соңғы төрт жылда жазған екі томдық алғашқы романы. Жапон жазушысының жаңа романындағы оқиға мәйегі – Дон Жуан мен командордың жекпе-жегі жөніндегі құпия суретке құрылған. Әйдік жазушының 14-ші романын орыс тіліне бұған дейін «Норвегиялық орманын» тәржімалаған Андрей Замилов аударып, Мәскеудің «Эксмо» баспасынан 47 000 данамен жарық көріп отыр.