Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
795 материал табылды

Әлем • 24 Наурыз, 2020

Коронавирустың «көмегі»

Америкалық әйдік фантаст жазушы Джордж Мартин шартарапты шарлаған коронавирустың өз творчествосына орасан зор пайдасы тиіп жатқанын хабарлады.

Әдебиет • 24 Наурыз, 2020

Еламан Қабділәшім. Менің де алғаш шын сүйгенім – биші еді...

Ақын деген – құбылыс қой жаны ізгі, Биші деген – хордың қызы тәрізді. Уақыт өзі жүрегінде сақтапты – Есенин мен Дункан жайлы аңызды.

Әдебиет • 21 Наурыз, 2020

Мирас МҰҚАШ. Меруерт (әңгіме)

Жас жазушы Мирас Мұқаштың бұл әңгімесі алғаш жарияланған 2007 жылдары кітапсүйер қауымның жапа-тармағай сүйсіне оқығаны күні кешегідей әлі есте. Өмірде түу шалғайға алыстаса да, көңілде мәңгі сақталған сол бір алғаусыз бала шақ кімнің де болсын сағынышқа толы ең аяулы естелігі. Қайта оралмас сол уақыттарда біреудің қуанышы, біреудің қайғысы, біреудің өкпесі, енді біреудің сағынышы қалды. Бәлки осы үшін де мына жұрт тұнық шақтың бір үзігін «Меруерттен» көре қалып, сағыныса қауышқандай болатыны. Тіптен алғашында-ақ оқығандар автор туралы сөз қозғай қалсаң, бұрынғы «Ащы алма», бертіндегі «Шырғалаң» мен «Ауланы» ауызға алмастан, «Меруертті» ойлап, ескі бір жылдардағы ып-ыстық естелігі есіне мезет түсе қалғандай, көңілі тебірене босап, бір сұмдық күй кешеді. Дәстүрлі баяндауға құрылған әңгіме анау айтқандай классикалық шығарма атанбаса да, «Меруертті» оқығанның һаммасы Меруертті ұмытпайды. Сәл асыра сілтеп айтсақ, жымиғанда бетінде сәл ғана шұңқыр пайда бола қалатын нәркес көзді қыздарды кезіктірсең, Меруерт емес пе екен деп елеңдейсің. Шынында, автор сол бір бейнені кездестірді ме екен?..

Руханият • 20 Наурыз, 2020

24 жастағы өнерпаз «Алтын Орда» күйін шығарды

Таяуда ғана Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблінің өнерпаздары қазақтың өнер қоржынын домбыраның күмбірімен үндескен тағы да бір туындымен толықтырды. Күй – тарихи сипатқа ие болғандықтан, оның авторы мен орындауы да шығармашылық топ үшін айтарлықтай жаңалыққа айналары сөзсіз.

Руханият • 20 Наурыз, 2020

«Қорқыт» орындаған «Ғасырлар маржаны»

Биыл Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толып отыр. Баба мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек ұлы әл-Фарабиге арнап «Ғасырлар маржаны» атты күй шығарды.

Абай • 16 Наурыз, 2020

Абай – сатирик

Сатира терминінің шығу тарихы һәм этимологиясы хақында түрлі болжам-түсініктемелер айтылып жүр. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ежелгі гректерде жүзім өсірушілердің, жүзім шарабын жасаушылардың құдайы Дионистің ән салып, би билеп жүрген жолсеріктерін «Saturos» деп атаған. «Сатира» сөзі осыдан шықса керек. Ал басқа бір зерттеушілердің айтуынша, бұл терминнің түп негізі латынның «Satira» – «смесь» – «аралас, әр нәрсенің қосындысы» сөзінен бастау алған деседі. Кейінірек ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінеуші, әшкерелеуші сипаты бар шығармаларды Satura деп атапты. Әлқисса.

Абай • 11 Наурыз, 2020

Ақын тойына – академиялық жинақ

Сүйінші сұрауға әлі ерте болса да абайтану іліміндегі алдағы болар жыл құсындай жаңалықты құлағымыз шалып, көңіліміз елеңдеп отыр. Хакім Абайдың 175 жыл­ды­ғы қарсаңында араға ширек ғасыр салып ақынның академиялық басылымы жа­рыққа шықпақ. Ізгі істің аужа­йын білмекке ғылыми жинақты дайындап жатқан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановпен әңгімелескен едік.

Таным • 27 Ақпан, 2020

Шартараптағы су жаңа шығармалар

Газет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.

Руханият • 24 Ақпан, 2020

Өзі де, сөзі де сұлу

Қаңтарда орыстың ұлы жазушысы Антон Павлович Чеховтың туғанына 160 жыл толды. Творчествода қысқалық концепциясын ұстанған һәм сонысымен әдебиетке ерекше құбылыс әкелген Чехов ақсақалды әлем әмсе сүйіп оқыды, қазақ оқырманы да жақын тартты. Бүгінгі даңқына жазушылықтың тәтті азабымен жеткен қаламгер «чеховский интеллигент» түсінігін тірідей көрсетіп һәм оның алғашқы зиялысы да өзі болды.

Руханият • 17 Ақпан, 2020

75 күймен рекорд жаңартты

Елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы 75 шығарма орындап, күмбір күйден шашу шашты. Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енуді мақсат тұтқан өнер ұжымы қазақ және шетел авторларының 75 музыкалық шығармасын нотаға қарамай, еш бөгеліссіз, құлақ құрышын қандыра орындап шықты.