Әскер • 24 Қыркүйек, 2024
Азаматтық борыштан бас тартпайды
Қыркүйек айынан азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін жалғасатын науқан аясында облыс бойынша 800-ден аса азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады.
Қоғам • 21 Қыркүйек, 2024
Кейінгі уақыттары Қызылордада автогаз тапшылығы байқалып тұр. Газ құю бекетіндегі ұзын-шұбақ көлікті сарыла күтіп, кезегі келгенде лимиттің біткенін білген талайлар амалы жоқтықтан келесі бекетке тартады. Операторлардың қолдан жасаған тапшылығы көлік жүргізушілеріне осындай қиындық туғызып отыр.
Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2024
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «Qyzylorda» телеарнасы бірлесе қолға алған «Құнды жәдігер» жобасы музей қорын тарихи мұралармен толықтыра түскен бастама болып отыр. Жуырда осы жоба аясында қазақ даласындағы орны бөлек діни қайраткер Марал ишан Құрманұлының асасының көшірмесі мен тақымы тиген ер музей қорына тапсырылды.
Талбесік • 17 Қыркүйек, 2024
Қызылордада табиғат аясына дуадақ жіберу шарасы басталды. Табиғат қорғаушыларының «Ренеко-Қазақстан» жеке мекемесімен бірлесе атқарған шарасы аясында биыл Арал ауданындағы қанаттылар қатарын 1512 жорға дуадақ толықтырады. «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда филиалы басшысының орынбасары Нұридин Қасымовтың айтуынша, ай соңына дейін Бетпақдалаға тағы 4 496 құс жіберіледі.
Заң • 14 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау аса маңызды міндет екеніне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету екенін айтып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруді міндеттеді.
Еңбек • 10 Қыркүйек, 2024
«Қызылордада есік шығаратын кәсіпорын бар екен» дегенді алғаш естігенде сене қоймаған едік. Кейіннен базардан орын алып, жергілікті есік ел қолына тие бастағанда бұл кәсіптің бастауында тұрған азаматты іздедік. Өңірде бұрын-соңды болмаған өндірісті өрістетіп отырған қала тұрғыны Дәулет Пірімжанов болып шықты.
Отбасы • 07 Қыркүйек, 2024
Жүрсінәли ақсақал ұзап бара жатқан көліктің соңынан ілескен шаң сейілгенше есік алдында тұрды. Жылда жан-жақтан жиылған балалары қосағы Рахима екеуінің көңілін бір аулап кететіні бар. Құдды бір түу қияннан қанатын талдырып ұясына оралатын қарлығаштар секілді. Бұрын немерелердің қылығын қызықтайтын, қазір шөберелердің шеті көрінді. Қазақ әдетте жан санамайды ғой. Сонда да Құдай берген 9 перзентінен 35 немере, 46 шөбере сүйіп отырғанына іштей шүкірлік айтатыны бар. Көлік көзден таса болғанда үйге қарай бұрылды. Іштей «Аман болыңдар, балапандарым» дегенді сан қайталап барады.
Білім • 05 Қыркүйек, 2024
Соңғы жылдары Сыр өңірінде білім саласында біраз ауқымды жоба қолға алынды. Биыл осы салаға облыс бюджетінің 35,8 пайызы бөлініп отыр. Осылайша, 262 млрд 100 млн теңге ел дамуындағы маңызды саланың өзекті мәселелерін шешуге жұмсалады.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 03 Қыркүйек, 2024
«Бірлік керуені» Астанаға жол тартты
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары басталатын күн таяп қалды. Этностық спорт түрлерінен өтетін дүниежүзілік додаға әр аймақтан қатысатындардың да қатары көп. Көшпелі жұрт өркениетін қайта жаңғыртуды көздеген ойында Сыр өңірі атынан сынға түсетіндер Астанаға жол тартты.
Білім • 03 Қыркүйек, 2024
Сыр бойы студенттері жатақханадан тарықпайды
Жаңа оқу жылы қарсаңында жаз бойы жайма-шуақ жатқан шаһарда абыр-сабыр тіршілік басталады. Өйткені қаздай тізіліп, мектепке бет алған оқушылар мен топтасқан студенттер тағы бір оқу жылының бастау алғанын білдіреді. Осындай сәтте бір үйдің үмітін арқалап, қалаға жеткен жастарды ойландыратын басты мәселе – жатақхана екені рас.