Олар сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Акцияға жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары мен облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Олар қоғамдық тамақтану орындарында да ортақ талаптың сақталуын қадағалайды.
Осындай тексеру барысында 1 күнде дәмханалар мен мейрамханаларда кальян шегудің 6 дерегі анықталыпты. Енді оларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 441 бабымен тиісті шара көріліп, хаттама толтырылады. Ал кәсіп иесіне қатысты құжаттар жинақталып, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына жолданады.
Рейд жұмыстары әлі де жалғасады.