Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1617 материал табылды

Аймақтар • 21 Маусым, 2024

Қала сәулетіндегі жаңа жоба

Келер жылы Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толады. Төрт жыл ел байтағы болған шаһарда сол кезеңді еске түсіретін нысандар да көп емес. Жергілікті әкімдік осы тарихи ғимараттарды негізге ала отырып, қаланы түрлендіруге кірісіп кетіпті.

Медицина • 18 Маусым, 2024

Өңір медицинасындағы ауқымды жобалар

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында облыстағы емдеу мекемелеріне санитарлық автокөліктер кілті табыс етілді. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев арнайы келіп қатысты.

Аймақтар • 14 Маусым, 2024

Аудандағы байыпты бастамалар

Қазалы – Қызылорда облысындағы экономикасы дамыған аудандардың бірі. Дария жағалауындағы байырғы қоныста кәсібін өрістетіп, жұртты жұмыспен қамтып отырғандар көп. Қазір Қазалының балығы, еті мен сүті елімізден бөлек алыс-жақын шетелдерге де экспортталып жатыр.

Тұлға • 13 Маусым, 2024

Ел есіндегі Әжімбет

Сырдың теңізге құярлығындағы Қазалы мен Арал жұртына Әжімбет ұста есімі жақсы таныс. Өткен ғасырдың І жартысында қазіргі Бегім ана мұнарасы маңайында дүкен ұстаған Әжімбет Қарайғыровтан қалған белгі – ұрпақтары мен облыстық тарихи өлкетану музейі қорында сақталған қайталанбас қазыналары. Өз заманының айтулы азаматтары қатарында болған шебердің ақындығы, серілігі, Алаш қайраткерлерімен қарым-қатынасы өз алдына бір салалы әңгіме. Бұл оның қалт еткенді қылпып түсіретін қатыгез отыз жетінің оқпанына жұтылуына да себеп болып еді.

Аймақтар • 13 Маусым, 2024

Коммуналдық саладағы серпіліс

Қызылордалықтардың коммуналдық саладағы түйінді мәселенің бірі ыстық су болатын. Басқа қалалар тұрғындары қалағанынша пайдаланатын кәдімгі ыстық су Сырдағы бас қалада бас ауыртар проблемаға айналғалы да талай жылдың жүзі ауыпты. Суды ысытып пайдаланғандықтан да сыртымыздан «Аристондар қаласы» деп айдар таққандарды да естідік. Амандық болса, осы бір абыройсыз «атақтан» арылатын күн жақын қалған сияқты.

Қоғам • 13 Маусым, 2024

Әлеуметтік қолдау қадамдары

Былтырғы 1 шілдеден бастап елімізде Әлеуметтік кодекс күшіне еніп, зейнетақы жүйесіне біраз өзгеріс енді. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітілді. Ана мен баланы қорғау жүйесінде де елеулі өзгеріс бар. «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иеленген аналар жәрдемақыларының мөлшері сараланып, бала күтімімен отырғандар бір жарым жасқа дейін жәрдемақы алуға мүмкіндік алды.

«Таза Қазақстан» • 12 Маусым, 2024

«Жасыл Қызылорда» жұмысқа кірісті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сыр бо­йында тазалық шараларымен қатар, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да айрықша назар аударылды. Акция бас­тал­ға­лы бері өңір климатына төзімді қарағаш, терек, Сыр талының мыңдаған көшеті отырғызылды.

Аймақтар • 06 Маусым, 2024

Дағдарыстың алдын алу

Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің екінші отырысы өтті. Кеңес мүшелері, белсенді жастар және «Қоғамдық келісім» мекемесі қызметкерлері қатысқан отырыста суицид пен оның алдын алу мәселесі қаралды.

Аймақтар • 04 Маусым, 2024

Сырдағы мереке мезеттері

Сырда мерекеге дайындыққа ертерек қам жасалды. «Туымыз – төрімізде» флешмобы аясында демалыс парктеріндегі биік аттракциондарға, көпқабатты тұрғын үйлерге, ірі сауда орталықтарына Мемле­кет­тік ту ілінді.

Өндіріс • 31 Мамыр, 2024

«Соль артельден» басталған соқпақ

Сыр бойындағы өндіріс орындарының басында тарихымен де, табысымен де «Аралтұз» кәсіпорны тұр. Келер жылы көл түбіндегі шөгіндіні қажетке жаратудан басталған кәсіпке тура 100 жыл толады. Еліміздегі ең ірі Жақсықылыш тұз кенін игергендер кеңес заманы кезінде жылына 650 мың тоннаға дейін өнім шығарыпты. Қазір оның көлемі артып, «Аралтұз» өнімі әлемнің біраз еліне экспортқа шығарылып отыр.