Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2541 материал табылды

Сенат • 18 Сәуір, 2024

Ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек - Мәулен Әшімбаев

Бүгін Сенатта ғылым және білім беруді жетілдіруге арналған заң қаралғаны мәлім. Отырыс барысында Scopus базасына енетін халықаралық ғылыми журналдарға мақала жариялау туралы талап докторлық диссертация қорғауға кедергі келтіретіні жөнінде отандық ғалымдардың пікірі назарға алынды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки сол тұрғыда жұмыстар қолға алынғанын атап өтті. Осыған байланысты Палата Төрағасы отандық ғалымдар үшін шетелдік басылымдарға материал жариялау оңай емес екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол жалпы ғылымға қойылатын талапты төмендетпеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға • 18 Сәуір, 2024

Ақтөбеде спорт мектебінің екі тәрбиеленушісі қамауға алынды

11 сәуірде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы есінен танып қалған, кейінірек ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 18 Сәуір, 2024

Апатты өңірлердің оқушылары ҰБТ-ға дайындала алмай отыр - сенатор

Тасқын су салдарынан бірқатар өңірдің мектептері оқушыларды қашықтан оқытуға көшкені мәлім. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында тасқын судан зардап шеккен өңір түлектерінің ҰБТ-ға дайындық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 18 Сәуір, 2024

Сенаторлар ғылым және білім беру туралы заңды мақұлдады

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қаралып, мақұлданды. Жаңа нормалар ғалымдардың әлеуметтік кепілдіктерін жақсартуға және ғылымда қаржы ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жануарлар • 18 Сәуір, 2024

Төртаяқты көмекші Жайықта бөгет салу жұмыстарына қатысып жүр

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға белсенді жәрдемдесіп жүрген ит әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 18 Сәуір, 2024

«Ақтау-Құрық» тас жолында жол апаты болды

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі кеше, 17 сәуірде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 17 Сәуір, 2024

Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі

Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 17 Сәуір, 2024

Сенаторлардың су басқан өңірлерге сапары жалғасты

Сенатор Геннадий Шиповских Солтүстік Қазақстан облысындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерін және эвакуация орталықтарын аралады. Депутат тұрғындармен кездесу барысында шығынды өтеу ережесі тұрғысында және мемлекеттік қолдау көрсету туралы көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол зардап шеккендерге көмек көрсетуге атсалысқан еріктілерге алғысын білдірді. Сондай-ақ төтенше жағдайда тиімді әрекет ету және зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіруге көмектесу үшін барлық тараптың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 17 Сәуір, 2024

Сенатта орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту мәселесі талқыланды

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық және өңірлік филиалдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру және үстемақы төлеу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 17 Сәуір, 2024

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға апта соңына дейін өтемақы төленеді

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген екен. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы аптаның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.