Білім • 31 Желтоқсан, 2025

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2026 жылғы қаңтар айында өтетін тестілеуге 187 мыңға жуық адам ниет білдірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар − 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Талапкерлер тестілеу күнін өздері таңдады

Атап өтсек, талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляцияға өтініш берген тестіленушілердің сертификаты аппеляциялық комиссияның  шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

Министрлік: ҰБТ трансформациясы 2027 жылы басталады

ҰБТ форматында өзгеріс бар ма?

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады. ҰБТ тапсырмаларының жалпы саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» пәндерінен 10 тапсырмадан, сондай-ақ екі бейіндік пәннің әрқайсысынан 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды.

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады?

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Ақылы негіздегі күндізгі оқу

Естеріңізге салайық, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, шығармашылық білім беру бағдарламалары тобынан (ББТ) ақылы негізде басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған Қазақстан азаматтары, сондай-ақ мектеп тәмамдайтын түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

Соңғы жаңалықтар