
Оқиға • 18 Тамыз, 2023
«Қазақстан» шахтасындағы өрт: тағы бір адамның денесі табылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай «Қазақстан» шахтасындағы төтенше жағдай салдарынан көз жұмған тағы бір жұмысшының денесі табылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2023
Шахтадағы өрт: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
Дәрігерлер «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы өрт салдарынан ауруханаға жатқызылған алты адамның жағдайы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 17 Тамыз, 2023
Қазақстанда АЭС салынатын аумақ таңдалды
Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша атом электр станциясы құрылысының ең қолайлы ауданы ретінде Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының аумағы таңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Тамыз, 2023
Президентке CyberPol жобасының нәтижелері таныстырылды
Президентке еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде және 30 маусымда өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Тамыз, 2023
Үкіметте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 17 Тамыз, 2023
Батыс өңірін электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Батыс өңірін, атап айтқанда, Маңғыстау облысын электр энергиясымен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 17 Тамыз, 2023
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Иордания астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 17 Тамыз, 2023
Түркі мемлекеттерінің дүниежүзілік медициналық конгресі өтті
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресіне және Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Мектептерде электрондық оқулықтарды пайдалану мәселелері талқыланды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен оқу процесінде электрондық оқулықтарды пайдалану жөнінде кеңес өтіп, оған оқу-ағарту, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, әділет вице-министрлері, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Талдау» АҚ-ның, мектеп оқулықтарын дайындайтын жетекші баспалардың және IT-компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспассөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 16 Тамыз, 2023
Қазақстан өнеркәсібіне инвестиция тарту мәселесі талқыланды
Шэньчжэнь қаласында Қазақстан делегациясы және Қытайдың ірі кәсіпкерлері, қызметтер, технологиялар мен тауарлар жеткізушілердің жоғары рейтингіне енген компаниялар өкілдері, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика саласындағы жаһандық ірі экспорттаушылардың қатысуымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.