Президент • 24 Қазан, 2025
2019 жылдан бері экономикамыз 16% өсті – Тоқаев
Бұл туралы Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрме • 24 Қазан, 2025
KazAgro/KazFarm-2025 халықаралық көрмелері өтіп жатыр
Астанада «EXPO» халықаралық көрме орталығында ExpoGroup халықаралық көрме компаниясы ұйымдастыруымен Орталық Азиядағы ең ірі ауыл шаруашылығы көрмелері – KazAgro/KazFarm-2025 өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қазан, 2025
Еліміздің су саласына Қытай корпорациясы инвестиция салады
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Energy China корпорациясының президенті Цяо Сюбинь бастап келген ҚХР делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Қазан, 2025
2026 жылы Жылқы шаруашылығы институтының құрылысы аяқталады
Мал шаруашылығын дамытуға және қазақтың жылқы шаруашылығы дәстүрін сақтауға бағытталған жоба шеңберінде Ақтөбе облысында жүргізіліп жатқан «Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты» ғимаратының құрылысы 2026 жылғы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 24 Қазан, 2025
Қайта оралған ұлы күн – нағыз ұлттық мереке
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды, биыл оған 35 жыл. Ақжолтай құжат – еліміздің Тәуелсіздік алуына жол ашты. Халқымыз егемендікке бастайтын жолды ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Зиялылар ұлт санасын сақтау үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Бостандыққа ұмтылыс Желтоқсан оқиғасында айқын көрінді. Декларация – халқымыздың ұзақ жылғы күресінің нәтижесі. Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, азаттық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн, сол себепті баға жетпес құбылыс іспетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қазан, 2025
Бірқатар ғалым мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Президент ҚР-ның әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қазан, 2025
Қазақстан триатлоншысы Азия додасында күміс еншіледі
Бахрейнде триатлоннан өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қазан, 2025
Жетісудың 134 мыңнан астам тұрғыны газбен қамтылады
Аталған облыс аумағындағы «Талдықорған-Үшарал» жаңа магистральдық газ құбырының құрылысы аяқталды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің газ инфрақұрылымын дамыту аясында «QazaqGaz» ұлттық компаниясымен жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 23 Қазан, 2025
Қазақстан университеті ЖИ бойынша грант ұтып алды
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті CAREC институтының халықаралық гранттық байқауының жеңімпазы атанды. Бұл – отандық университеттің ғылыми әлеуетін айқындаған әрі халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашқан инклюзивті-цифрлық білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Қазан, 2025
Шүлбі су қоймасынан 6,32 млрд текше метр су жіберілді
Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзені арқылы экологиялық мақсатта су жіберу шаралары шеңберінде шамамен 6,32 млрд текше метр су жіберіліп отыр. Сала министрі Нұржан Нұржігітов Ертіс бассейндік инспекциясының биылғы тоғыз айында атқарылған жұмысы туралы есебін тыңдады, деп жазады Egemen.kz.