Banner
Banner
Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
5187 материал табылды

Таным • 14 Қараша, 2023

Қайырсыз адам – жеміссіз ағаш – Ахмет Иүгінеки

Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ахмет Иүгінеки, Майқы ойларын ұсындық.

Құрылыс • 14 Қараша, 2023

Премьер-министр теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты

Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан • 14 Қараша, 2023

Жауынгер сүйегі елге жеткізіледі

Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Қазақстан жауынгерінің сүйегін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 14 Қараша, 2023

Робототехникадан дүниежүзілік олимпиада: Қазақстанның үш командасы жүлдегер атанды

Панама қаласында робототехникадан дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасы өтті. Оған 80-нен астам елдің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл сайыста Қазақстан оқушылары оқ бойы озық шығып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Спорт • 13 Қараша, 2023

1 миллионнан астам оқушы асық ату челленджіне қатысады

Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің хабарлауынша қарашаның 17-сі күні еліміздегі барлық мектептерде ұлттық ойын – асық ойнаудан бір мезетте челлендж өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстан командасы топ жарды

Даугавпилс (Латвия) қаласында қарашаның 10-12 күндері аралығында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатына жаһанның 29 елінен 600-ге жуық спортшы қатысты, оның ішінде еліміздің 80 спортшысы бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан спортшыларының өткен аптадағы жалпы жетістіктерін мәлім етті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыспауы мүмкін

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Бахтиер Зайнутдиновтің жарақатына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Prosports.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағайындау • 10 Қараша, 2023

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры тағайындалды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне Нұркен Әшіров тағайындалды. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған қызметке тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 10 Қараша, 2023

Абай облысында АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтеді

«Абай облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ бастамасы бойынша облыстың Қоғамдық кеңесі референдум өткізілгенге дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика