Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1750 материал табылды

Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Торғай өңіріндегі 6 ауылда ұялы байланыс қызметі іске қосылды

Қостанай облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында ұялы байланыс қызметі мен интернет байланысы қайта қалпына келтіріле бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Қостанай облысында алдын ала эвакуациялау шаралары жүріп жатыр

Облыстық жедел штабтың ресми мәліметі бойынша Денисов ауданы Денисов ауылынан 110 адам, Қарабалық ауданының Святослав ауылынан 10 адам эвакуацияланған. Б.Майлин ауданының Николаев, Әйет елді мекендерінде шеткі көшелердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2024

Қарамырза ауылынан 108 адам эвакуацияланды

Кеше Қарасу өзені көтеріле бастаған соң, қауіптің алдын алу үшін Қарамырза ауылының 108 тұрғыны алдын ала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Тұрғындарға өтемақы төлене бастады

Өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар әлі де толассыз жүріп жатыр. Анталаған судың алдын бөгеу, эвакуациялау шараларының ішінде жергілікті әкімдіктер, мыңнан аса құтқарушы, полицей, әскерилер, «Қазавиақұтқару» қызметі, волонтерлер мен су басу қаупі төнген елді мекендердің ер-азаматтары жүр.

Жәдігер • 04 Сәуір, 2024

Алпыс атқа татитын сәукеле

Санкт-Петербургтегі антропология және этнография музейінде тұрған көне сәукелені ХІХ ғасырдың екінші жартысында бұрынғы Торғай облысы Қостанай үйезінен шыққан әйгілі Иманбаевтар әулетінің өкілі Хасан Иманбаев апарып тапсырған.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2024

Елімізде тағы бір су қоймасы тасуы мүмкін

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша облыстық штабтың отырысын өткізді. Басты міндет - халықты және аумақтарды су тасқынынан қорғау, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2024

Қостанай облысында 21 автокөлік жолын су шайып кеткен

Қостанай облысында су басқан елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялауға полиция қызметкерлері де белсене атсалысып жатыр. Полицияның құтқару жасақтарының іс-қимылы облыстық ПД бастығы Ерлан Файзуллиннің тікелей басшылығымен іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс • 03 Сәуір, 2024

Саумалдан табиғи косметика шығарады

Өткен жылдың желтоқсан айын­да Меңдіқара ауданында құр­ғақ саумал шығаратын зама­науи ферма іске қосылған. Онда жыл­қы сүті неміс технологиясы ар­қы­лы тереңде­те өңделеді. «S-Agro-Borovskoe» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі құрғақ саумалды мамыр айында саудаға шы­ғару­ды жоспарлап отыр.

Төтенше жағдай • 03 Сәуір, 2024

Торғай жұртының ахуалы алаңдатады

Облыстық жедел штабтың соңғы мәліметі бойынша, су тасқыны басталғалы бері Арқалықта – 339, Амангелді ауданында – 265, Жангелдин ауданында 652 адам құтқарылған, барлығы – 1 276 адам. Өңірде 213 үй суға кетті. Облыс аумағындағы көлік қатынасы жолдарының үстінен 18 жерден су асып жатыр. 12 елді мекенге жол жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1 733 адам, 164 су айдау құралы, 30 қайық, 2 тікұшақ жұмылдырылған.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2024

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды

2 сәуірде Премьер-министрдің орынбасары – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Атап айтқанда, төтенше жағдай жарияланған Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласындағы жағдаймен танысты.